Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

13.10.2017

М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының 92-ші маусымының ашылуы өтті


Театр 92-ші маусым шымылдығынМ.Әуезовтің «Абай» трагедиясымен ашты. Театр 92-ші маусымының ашылуына орай пресс конференция, актерлердің салтанатты шеруі өтті және елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының сонымен қатар ұлы жазушы М.Әуезовтің 120 жылдығы аясында «Театр әлеміндегі рухани жаңғыру» атты Алматы қаласындағы 8 театрдың басын қосқан көрме өткізді.



Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының және ұлы жазушы М.Әуезовтің 120 жылдығына орай өткізіліп отырған «Театр әлеміндегі рухани жаңғыру» атты көрмесі  өскелең ұрпаққа, театр өнеріне, тарихына қызығатын ізденушілерге, жалпы өнерсүйгіш қауымға қазақ өнерінің қара шаңырағы, 92 жылдық тарихы бар М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының құрылған кезеңінен бастап бүгінгі күнге дейінгі өнер шежіресінен сыр шертіп және Алматы қаласында орналасқан мәдени ордалардың басын қосу арқылы олардың тарихын бір арнада тоғыстырып, театр музейінің тыныс-тіршілігінен хабар бере отырып, мол мұра, құнды жәдігерлер туралы мол мағлұмат беруді мақсат етеді.



Ұлы Абай шығармашылық тұлғасы өз алдына, ел ортасындағы, өз шәкірттері ортасындағы жақсыны көре-тани білген, ғашықтықты бағалай, әр шәкіртіне нағыз ұстаз бола білген адами тыныс-тіршілігі, сонымен қатар зұлымдықпен алысқан соқтықпалы, соқпақсыз өмірі. Жаңа заманның, өркениеттің бастауы болған, қоғамдық сананың ілгерілеуіне қызмет еткен Абай болмысы сомдалды.


13.10.2017