Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

13.12.2016

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалында қайырымдылық іс-шарасы өтті


«Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ордабаева Найля Алтынбекқызы мен Алматы қаласы Маслихатының депутаты Алшанов Рахман Алшанұлы жиналған көпбалалы отбасыларды Қазақстан Республикасының 25 жылдығымен құттықтай отырып, Еліміздің бүгінгі бейбіт өмір сүруі Елбасымыздың жүргізіп отырған салиқалы саясатының арқасында екенін атап өтті. 



Іс-шара барысында әлеуметтік жағдайы төмен көпбалалы отбасыларға азық-түлік себеттері, кішкентай балаларға Жаңа жылдық сыйлықтар табысталды.



Көрсетілген көмек үшін Көпбалалы аналар кеңесінің директоры Ерғожаева Алтынай Жармұханқызы көпбалалы отбасылар атынан Алмалы аудандық партия филиалы мен Алматы қаласы Маслихатының депутаты Алшанов Рахман Алшанұлына алғысын білдірді. Өткізіліп отырған қайырымдылық шарасы алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.  


13.12.2016