Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

13.12.2016

Алматыда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заңды ұлықтайтын ескерткіш тақта ашылды


Алматыда Жоғарғы Кеңестің бұрынғы ғимаратының (ҚБТУ) қабырғасында 1991 жылдың 16 желтоқсанында қабылданған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңды ұлықтайтын ескерткіш тақтаның ашылу салтанаты өтті.



Салтанатты шараға зиялы қауым, қоғам қайраткерлері, қаланың құрметті азаматтары,тұрғындар мен жастар және тарихи құжатты қабылдағандар өкілдері қатысты.



Олар – 12 шақырылымдағы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаттары Сұлтан Сартаев, Нығмет Жотабаев, Эрик Гукасов, Оразалы Сабденов, Ораз Баймұратов, Есентай Тәжиев, Петр Крепак. Бұлардың барлығы - тәуелсіздік бастауында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевпен бірге болғандар және ұлы әрі тарихи кезеңнің шынайы куәгерлері.



«Еліміз тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен көп ұлттар достық пен келісімде тұрып жатқан Алматы қаласы 1000 жылдығының қатар келуінің символикалық мәні бар.



Мен барлық қазақстандықтарға денсаулық, бақытты өмір тілеймін, республикамыздың аспаны қашанда ашық болсын. Біздің Қазақстанымыз бақытты адамдар өмір сүретін тұтас, қайталанбайтын мемлекетке айналсын», - деп атап өтті өзінің сөзінде КазССР Жоғарғы Кеңесі президиумы төрағасының бұрынғы орынбасары, Социалистік Еңбек Ері Вера Сидорова.


13.12.2016