Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

14.05.2015

Елбасы - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» дәстүрлі республикалық жарысының Алмалы ауданы бойынша іріктеу кезеңі өтті


Қазақ спорт және туризм академиясының қабырғаында Алмалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Елбасы - Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» дәстүрлі республикалық жарысының Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша іріктеу кезеңі өтті.

Жарыстың ақтық сыны 18 жастан жоғары ересектер арасында +80 келі, яғни абсолюттік салмақ категориясы бойынша өткізілді.

Жарыс қорытындысы бойынша 1-ші орынды Каркен Ахметов атындағы Республикалық олимпиадалық резервтегі арнаулы балалар мектеп, колледж интернатының оқушысы Жолтаев Нұрғали Нұртайұлы, 2-ші орынды Қазақ спорт және туризм академиясының түлегі Асылбеков Қанат Бегалыұлы және 3-ші орынды Каркен Ахметов атындағы Республикалық олимпиадалық резервтегі арнаулы балалар мектеп, колледж интернатының оқушысы Сейтқазынов Ерсін Нариманұлы иеленді.

Жарыстың жеңімпаздары диплом және ақшалай сыйлықтарға ие болды. Жарыстың құрметті әділ қазылар алқасы мен төрешілері: Халықаралық-дәрежедегі төреші, Бас төреші Нұржан Өтенов төрешілік жасады. Іс-шараға Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Айнұр Бекжанова, Алматы қалалық Маслихат депутаты, Алматы қаласының қазақ күресі федерациясының президенті - Құсман Шалабаев, Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы, бұқаралық спорт бөлімінің басшысы Алмас Маханбетяров сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

14.05.2015