Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

14.09.2015

Алмалы ауданы әкімі аппараты Отбасы күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырды


Отбасы - бір түбірден тараған. Адамзат баласы шыр етіп дүние есігін ашқан күннен бастап, сол ортаға бейімделіп ықпалына көніп ер жетеді. Бала бақыт, бала қуаныш, өмірді жалғастырушы, демеуші ата-ана тәрбиелеуші. Сондықтан да дана халқымыз: Әке асқар тау, Ана мөлдір бұлақ, Бала жағасындағы құрақ, тәрбие тал бесіктен басталады деп тегін айтпаған. Әке мейірімі мен құрышын қаңдырып, ана сүтінен нәр алып, әке ұлағаты мен ана тағылымын көріп өскен ұрпақ елін, жерін, халқын сүйетін ұлтжанды тұлға болып қалыптасады.

Отбасы - бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі үшін, жан-жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты.

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген Отбасы күніне орай, Алмалы ауданы әкімі аппараты ауданның балаларына арналған мерекелік мәдени іс-шара ұйымдастырды.

Бұл мерекелік мәдени шара аясында аниматорлардың қатысуымен балаларға арналған қызықты эстафеталар, түрлі ойындар, викториналар, «Sunny&Funny» балаларды дамыту орталығы ның шығармашылық шеберханасының дарынды өкілдері мен ұстаздарының қатысуымен мастер-класстар мен түрлі конкурстар өтті.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: Алмалы ауданы әкімінің аппараты, «Нұр Отан» партиясының Алмалы ауданы бойынша филиалы, «Sunny&Funny» балаларды дамыту орталығы. Алматы қалалық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, Алматы қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ, «Ақ ниет» АББ бөлімінің ұлттық медициналық ассоциациясы.

14.09.2015