Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

14.12.2015

Алмалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне арналған салтанатты іс-шара өтті


М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясының мәжіліс залында Алмалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. 

Аталмыш іс-шараға қалалық мәслихаттың депутаттары, аудандық құрылымдардың басшылары, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының қатысушылары, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, спорт салаларының қызметкерлері, бизнес, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. 

Алмалы ауданы әкімі Серік Құсайынов жиналған қауымды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, бүгінде еліміз достық пен келісім салтанат құрған киелі мекен ретінде әлемдік қауымдастыққа үлгі болып отырғанын атап өтті. 

«Бұл мерекелік күндер, Елбасымыз айтқандай: «қазақстандықтарды рухани тұрғыда бұрынғыдан да гөрі күштірек, топтасқан және бұрынғыдан да бетер тағатты етуге тиіс». Бүгінгі міндет – осынау рухы асқан, асыл құндылық Тәуелсіздігіміздің шоқтығын биік ұстап, бекем бірлікпен болашақ ұрпақтың игілігіне жарату» дей отырып, тұрғындарды ұлық мерекемен құттықтап, Желтоқсан оқиғасына қатысқан қазақтың қаһарман ұл қыздарына өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін және еңбекте жақсы нәтижеге қол жеткізген түрлі саладағы ауданның бірқатар азаматтарын марапаттады. 

Шараға  қатысқан 700-ден астам адамға Н.Тілендиев атындағы Мемлекеттік академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар Сазы» оркестрі және ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жәмиля Баспақова, ҚР мәдениет қайраткері Лариса Насрединова және өзге де рухы асқақ қазақ даласын әнмен тербеген өнер қайраткерлері жақсы мерекелік көңіл күй сыйлады.


14.12.2015