Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

14.02.2017

Алмалы ауданының әкімі Жасұлан Естеновтің тұрғындармен есептік кездесуі М.Әуезов атындағы №128 жалпы білім беретін мектепте өтті


М.Әуезов атындағы №128  жалпы білім беретін мектепте аудан әкімі Жасұлан Естеновтің №3 округ тұрғындарымен есептік кездесуі өтті. Кездесуге  қалалық басқарма басшылары, аудан құрылымдарының  басшылары, №3 округ бойынша қалалық мәслихат депутаты Артур Котенев, «Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Найля Ордабаева, аудан әкімінің орынбасарлары, ЖӨӨБК төрағалары және аудан тұрғындары қатысты.


Жасұлан Тоққожаұлы тұрғындар алдында ауданның 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша есеп берді.



Шара барысында тұрғындар аудан әкімі Ж.Тоққожаұлына өз сұрақтары мен ұсыныстарын жеткізіп, аула ішіндегі тазалық жұмыстарына, ПИК жұмысына, жергілікті полиция қызметін күшейту мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Жароков, Гагарин көшелері бойындағы, Төле би мен Әуезов көшесі қиылысындағы қоғамдық көлік қатынасын қалпына келтіру жайында мәселелерді қозғады. Сонымен қатар, №75 жалпы білім беретін мектеп жанындағы жаяу жүргіншілер жолағын көлік тұрағына айналдырған  машиналардың мәселесін шешуді сұрады.
Аудан әкіміне қойылған барлық сұрақтарға толық әрі нақты жауап берілді, сонымен қоса, тұрғындар қозғаған мәселелер аудан басшылығының жеке бақылауына алынды.


14.02.2017