Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

14.02.2018

Алмалы ауданында жылу энергиясы мен ыстық су тарифтерінің өсуі бойынша жиналыс өтті


Алмалы ауданы аппарат әкімінің акт залында әкімінің орынбасары Архат Омаров жылу энергетикасы мен ыстық судың тарифинің өсуіне байланысты жиналыс өткізді.



Жиналысқа қатысқандар: Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшы орынбасары Бауыржан Қайырбек; Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшы Ардак Жанабаева; Сапар Нұрашев- Алмалы ауданының аппарат әкімінің коммуналды шаруашылық бөлім басшысы; ЖӨБК (жергілікті өзін-өзі басқару комитеті) өкілдері  және ПИК төрағалары, және де «Алматы Су» ЖШС,  «Алматы жылу желілері» АҚ, «ҚазТрансГазАймақ» ЖШС, «Алматы ЭнергоСбыт» ЖШС. 



Шара Алматы қаласы әкімінің орынбасары Алмас Мадиев бекіткен коммуналдық қызметтер тарифтерінің медиа-жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.



Бауыржан Берікұлы  баяндама барысында  Алматы қаласындағы жылу энергиясына және ыстық су тарифтерінің көтерілуін егжей-тегжейлі түсіндірді.



«Бүгінгі таңда Алматы жылу желілерінің жылу мен жабдықтау және ыстық сумен жабдықтау қызметтеріне тариф 8% -ға артты. Алматы қ. Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 138-НҚ бұйрығына сәйкес Алматы қаласыбойынша жылу энергиясына және ыстық су тарифі бір шама өсті. Тарифтердің өсуі газ бағасының көтерілуіне байланысты. 2017 жылы тариф 1760,86 теңге / Гкал деңгейінде мақұлданды, бұл 2016 жылы тарифтің 5,8% -тен көп, орташа тарифі - 5591,53 теңге / Гкал, бұл 2016 жылға орташа тарифтің 10% -ға көп. 2018 жылы тариф 1863,76 / Гкал деңгейінде бекітілді, бұл 2017 жылға қарағанда 5,8% жоғары, орташа тариф - 6,055,84 / Гкал, бұл 2017 жылға орташа тарифтен 8% артық», - деді ол.



Кеңес шеңберінде табиғи монополия субъектілерінің тұтынушыларының қойылған сұрақтарына толық жауаптар және түсініктер, сонымен қатар тариф бекітудің жалпы құрылымы бойынша ақпарат берілді.



14.02.2018