Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

14.03.2019

Алмалы ауданындаЕлбасының «Әлеуметтік қамқорлық» атты жаңа әлеуметтік шараларын тусіндіру бойыншааудандық көп балалы отбасылар одағының өкілдермен кездесу өтті


«Nur Otan» партиясы Алмалы аудандық филиалының мәжіліс залында Алмалы аудандық көп балалы отбасылар одағының өкілдермен кездесу өтті. 



Отырыста «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» атты «Nur Otan» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасы аясында Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» атты жаңа әлеуметтік шаралары талқыланды. Жиынды «Nur Otan» партиясы Алмалы аудандық филиилы төрағасының бірінші орынбасары Әлбисенов Ерлан Ибрагимұлы ашып, жүргізді және өткен 20 жыл ішінде Қазақстанның қол жеткізген жетістіктерін айтып, елімізде болған барлық оң өзгерістердегі «Nur Otan» партиясының рөлі ерекше екенін атап өтті.



Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жастардың әлеуетін дамыту, жастар арасында патриоттық деңгейін арттыру бойынша жүйелі шаралар көзделгенін атап өтті. 
Алмалы аудандық әлеуметтік әл-ауқат бөлімінің бас маманы Жамханова Күлән Ахановна «Nur Otan» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасы туралы баяндама жасап, көпбалалы отбасылар мемлекет тарапынан қандай көмек алуға болатынын және ол үшін әлеуметтік әл-ауқат бөліміне құжаттарды қалай рәсімдеу керек екені жайлы ақпарат берді.Алмалы аудандық көп балалы отбасылар Одағының төрайымы Рымкулова Сандуғаш Амангельдиевна, өз сөзінде, Елбасының азаматтардың лайықты өмір сүру деңгейін әлеуметтік қамтамасыз ету жөніндегі негізгі үш бағыт бойынша, яғни, табысы аз халықты қолдау; табысы төмен азаматтардың тұрғын үй мәселелерін шешу және білім беру мен денсаулық сақтау салаларын жақсарту; өңірлерді кешенді дамыту бойынша жүзеге асырылатын нақты мақсаттар мен жобалар белгіленгенін атап өтті.Жиын соңында көпбалалы аналардан сұрақтар қойылып, сәйкесінше жауаптар берілді.


14.03.2019