Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

14.06.2016

Алматы сән және дизайн колледжінде «Шығыс қызы – Кеңес Одағының батырлары мен Отан үшін отқа түскен қазақстандықтар» тақырыбына ғылыми жобаларды қорғау ұйымдастырылды


Тәрбие жұмысы жүйесінде тарих бойынша сынаптан тыс жұмыс үлкен мәнге ие. Сыныптас тыс жұмыс оқу курсының міндеттерін атқарады, яғни, студенттерді тарихты түсінуге үйретіп, оларды білім нәрімен сусындатып, тарих дүниетанымын кеңейтіп, ұлтжандылық сезімінің оянуына әсер етеді. 



Ұлы даланың тарихнамасында ән, жыр, дастандарға арқау болған, аты аңызға айналған әйел есімдері аз емес. Ұлы Отан соғысы жылдарында қазақ елінің үш қызы – Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова мен Хиуаз Доспанова ерекше ерлікпен көзге түсіп, Ұлы Жеңіс шежіресіне енді. 
 2-курстың 14-7-тобының студенттері К. Гурнакова, Н. Катаржнова, А. Лубенченко, Т. Шаляпина «Шығыс қыздары – Кеңес Одағының батырлары» тақырыбына жазған жобаларын ұсынды. Олар қыздардың ерлік тарихын зерттеп, аталған тақырып бойынша терең ұлтжандылықты көрсетіп, таныстыру рәсәмін ұсынды.   
«ЭЕМ операторы» мамандығында білім алатын 179-топ студенттерінің зерттеу жобаларының мақсаты қазақстандықтардың соғыстың тарихи оқиғалары барысындағы рөлін анықтау мен елдің қорғаныс қабілеттілігін нығайту болып табылды. 179-топ студенттері: Виктор мен Вадим Кухтиндер, Д. Федорцов, Е. Шишкиннің жұмыстарына тарих және қоғамтану пәнінің оқытушысы  Л.А. Лазарева жетекшілік етті.



14-9-топтың студенттері Рахат Әлібек, Николай Белозерцев, Сузана Қаһарманова, Ділмұрат Тұрғанжан, Дарья Цапко «Отан үшін күрескен қазақстандықтар» тақырыбындағы жобалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қорғады.
Студенттер жұмыстарын қорғай отырып, ержүрек ардагерлер қауымын Жеңіс, ерлік пен қайсарлық, Отанымыздың қазіргі тәуелсіздігі мен жас ұрпақ үшін бейбіт өмірді сақтап қалғандары үшін алғыстарын білдірді.  


14.06.2016