Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

14.09.2018

Тұрғын үй көмегін тағайындау


Алматы қаласының Алмалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде  Алмалы ауданының Пәтер иелерінің кооперативі Төрағаларымен кездесу өткізілді.



ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» қаулысының 3-тармағына сәйкес, V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXVII сессиясының «Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегінің мөлшерін анықтау және көрсету Е р е ж е с і н бекіту туралы» 2014 жылғы 2-ші маусымдағы №232 шешімімен бекітілген  негізінде Алматы қаласында тұрақты тұратын және тіркелген аз қамтылған азаматтарға тұрғын үй көмегі тағайындалады. Бұл көмек жоғарыда аталған қызметтерді төлеуге арналған шығындар отбасы бюджетінің жалпы табысының 10 пайыздық үлесінен асатын жағдайда көрсетіледі.   



Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін өтініш берген айдағы жыл тоқсанының кезеңі есепке алынады, оған қажетті құжаттармен бірге өтініш табсырылуы керек және де тұрғын үй көмегі ағымдағы кезеңге тағайындалады. Төлем ақы ай сайын беріледы. Тұрғын үй көмегі нормалар шегінде компенсациалық төлемдерге байланысты қамтамас етіледы. Коммуналдық қызметті тұтыну шамасы, көрсетілетін қызмет түріне тарифтерді бекітетін табиғи монополияны реттеу бойынша аумақтық уәкілетті органмен қолданылатын коммуналдық қызметті көрсету шамасына сай.  



Үйде туратын бір адамға электр қуатын (тұтыну) шығыны 90квт/сағат; электроплита жабдықтары бар үйге 115квт/сағат.
Өтемақылық төлемдермен қамтамасыз етілген тұрғын үй көлемінің шамасы, әрбір отбасы мүшесіне  ұсынылатын шамаға тең және адам басына пайдалы орынның 18 шаршы метрін құрайды, бірақ ол пайдаланылатын көлемнен аспау керек, бір бөлмелі пәтерде тұратындар үшін - пайдаланылатын тұрғын үйдің нақты көлемі бойынша. 



Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) аудандық «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамның филиалы – Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы және «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.


14.09.2018