Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

14.10.2016

Алмалы ауданы кәсіпорындарымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу туралы ақпараттық –түсіндіруді өткізу бойынша кеңес отырысы


Елбасының «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын және Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңын іске асыру мақсатында Алмалы ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында Алмалы ауданының әкімі орынбасары Ж.С. Оңалбаевтың төрағалық етуімен Алматы қаласы бойынша МӘМС (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) енгізу бойынша жұмыс тобының мүшелері ауданның жеке меншік кәсіпорындарының басшыларымен ақпараттық - түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөніндегі кездесу өтті.



Кездесуде бірнеше мәселелер талқыланды, соның ішінде:
1. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі»;
2. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды» Алмалы ауданының кәсіпорындарында енгізу бойынша ақпараттық - түсіндіру жұмысын ұйымдастыру.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі - бұл денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік мүдделерді қорғау жөніндегі мемлекеттік жүйе.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру Қазақстанның барлық азаматтарына жынысына, жасына, әлеуметтік мәртебесіне, тұратын жеріне және табыстарына қарамастан теңдей медициналық және дәрі-дәрмектік көмекке кепілдік береді.
Отырыста Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің аумақтық департамент директоры,  спикер - Әбілдаев Тлеухан Шилдебайұлының және аудандық медициналық бірлестіктің бас дәрігері - Умарова Зухра Исмаилқызының баяндамалары тыңдалды.



Кездесу барысында ауданның жеке меншік кәсіпорындарының өкілдері МӘМС жүйесі туралы толық мәлімет алып, барлық туындаған сұрақтарына жауаптар алды. Айта кететін жайт, бұл кездесуге жұмыскерлерге жоғарыда көрсетілген ақпаратты бір ауыздан жеткізу мақсатында, қызметкерлерінің саны жүз адамнан асатын ауданның  ірі кәсіпорындарының өкілдері шақырылды. Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда.


14.10.2016