Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

14.10.2016

Алмалы ауданында «Мұражайға қосқан үлесім» атты іс-шара өтті


«Almaty Youth Award» Алматы жастарының үздіктерін анықтау байқауын АЭжБУ студенттер кәсіподағы бастады. Байқау ұйымдастырушылары: Алматы қаласы Жастар саясаты жөніндегі басқармасы, Алмалы ауданы әкімінің аппараты. 



«Мұражайға қосқан үлесім» атты шара қазақтың жанашыры, біртума тұлға Ахмет Байтұрсынұлы мұражай - үйінде өткізілді. Іс - шараның құрметті қонағы Ахмет Байтұрсынұлының жиені  Байсалова Айман Қабиденқызы  болды. Салтанатты іс - шара үш бөлімнен  тұрды: шараның салтанатты ашылуы, үш тілді экскурсия және мұражай ауласына сенбілік. Айман апай Алматы қаласының студенттік жастарына Байтұрсыновтар отбасы туралы мол ақпарат берді. 



АЭжБУ студенттер кәсіподағы мұражайға Алматы қаласының студенттік жастары атынан келесі сыйлықтарды берді: мұражайдың шарлау мәзірі бар парақша, мұражайдың визиткасына айналар мақсатты түсірілген бейнежазба және мұражай ауласына сенбілік. 
АЭжБУ өнерлі студенттері ұйымдастарған салтанатты көрініс келген қонақтарды таң қалдрмай қоймады.
 


АЭжБУ студенттері Алматы қаласының белсенді жастарының басын қоса отырып, пайдалы демалыс ұйымдастырып,  мұражай тарихымен танысуға мүмкіндік берген Алматы жастарының атынан мұражайдың дамуына өз үлесімізді қосуға мүмкіндік бергені үшін ұйымдастырушыларға және келген қонақтарға: Алмалы ауданы әкімі аппараты, Алматы қаласы Жастар саясаты жөніндегі басқармасы,   Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Орталық-Азия Университеті, Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Университеті, Қыздар Мемлекеттік Университеті және Алматы Университеті студенттік істер жөніндегі ұйымдарына шексіз алғыс білдіреміз. 


14.10.2016