Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

15.04.2015

Алмалы ауданы әкімі Серік Құсайынов соғыс ардагерлеріне «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл» медальдарын табыстады


Салтанатты шараға Алмалы ауданы Ұлы Отан соғыс ардагерлер кеңесі төрағасы Әділбеков З.К., ҰОС ардагері және еңбек майданына қатысушылар Қазақстан ЛКСМ ОК бұрынғы бірінші хатшысы Кенжебеков С.Ж., ҰОС мүгедек ардагерлері мен еңбек майданына қатысушы 41 адам қатысты.

«Еліміздің мүддесін қорғап сын сағатта бар қайратын оттың жалынына тосқан майдангерлеріміздің қажырлы еңбегінің арқасында бүгінгі ұрпақтың бейбіт өміріне, егемендігіне даңғыл жол ашылды. Бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміздің толайым табыстарға қол жеткізіп, гүлденген шағына жетуіне ортамыздағы тұрған Сіздердің сіңірген зор еңбектеріңіз өлшеусіз» - деді Алмалы ауданы әкімі Серік Құсайынов.

Ұлы Отан соғысы Жеңісіне 70 жыл» медальдарымен марапаттау салтанатты шара И.В. Панфилов атындағы №54 Қазақ-Ресей гимназияның «Жұлдыздар» жас дарынды балалар ансамбль концертімен жалғасты.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасымен Алмалы ауданының 4277 ҰОС ардагерлері «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл» медальдарын алады. Олардың ішінде 165 ҰОС мүгедектері, 4 ерікті жалдамалы ардагер, 24 Ленинград шайқасына қатысушы, 19 кәмелетке толмаған фашист тұтқынында болғандар және 4065 еңбек майданына қатысушылар.

15.04.2015