2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

15.04.2016

16 сәуір күні Оңтүстік астанамыз Алматы қаласында жалпықалалық сенбілік өтеді, Алмалы ауданы әкімшілігі сүйікті қаламызды тазалап, көркіне жаңа сән беруге барша аудан тұрғындарын сенбілікке атсалысуға шақырады!


Осыған байланысты Алмалы ауданы әкімі Жасұлан Естеновтың төрағалығымен  ауданның құрылымдық бөлімшелерімен сенбілікке дайындық пысықталды.

Алматы қаласында санитарлық тазалық пен абаттандыру жұмыстарын жандандыру мақсатында үстіміздегі жылдың 16 сәуірінде көпшілік орындар, арық желілері, өзен жағалаулары мен аула іштерін, түрлі аумақтар мен өңірлерді тазарту бойынша оңтүстік шаһарымызда  жалпықалалық сенбілік жоспарлануда.

Сенбілікке Алмалы ауданының қоғамдық және жастар ұйымдары, заңды тұлғалар, ПИК және ПКСД -лар, жоғары сынып оқушылары мен орта және жоғары оқу орындарының студенттері қатысады деп күтілуде.

Жалпы бұл күні қалалық сенбілікке 35 мың адам шығатын болады. Сенбілікке қатысушылардың барлығы қажетті құралдармен, қоқыс салатын қаптармен қамтамасыз етіледі.  Жиналған қоқысты сыртқа шығарумен  50 арнайы техника бірлігі айналыспақ.

Сенбілік барысында түрлі ағаш түптерін отырғызу жоспарланып отыр.   Сенбілік  аясында   аудан аумағында  1100  көшет,  жалпы 5 мың  түп ағаш  отырғызылмақ.

Сонымен қатар қаланың сыртқы келбетін әрлендіру жұмысы да назардан тыс қалмайды. Түрлі қоршаулар, турникеттер, тіректер, орындықтар, урналар, жарнама щиттері сырланады.

 Алмалы ауданы  әкімі аппаратының қызметкерелерімен «Қарағайлы»саябағы аумағында 30 ағаш,  отырғызу жоспарланып оытр.     

15.04.2016