Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

15.06.2015

Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойы қарсаңында Алмалы ауданы ардагері, өнер қайраткері, танымал қазақстандық суретші Үкі Әжиев өмірден озған еді


Осыған орай А. Кастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайында Ш.Уалиханов атындағы бейнелеу өнері және мәдениет саласында Мемлекеттік премия лауреаты, «Парасат» орденті иегері, ҚР Тұңғыш Президенті степендия лауреаты,  тәуелсіз  «Тарлан» премиясының лауреаты, Алмалы ауданы  Ұлы Отан соғыс ардагері, Ленинград шайқасына қатысушы Ү.Әжиевтің шығармашылығына арналған еске алу кеші болып өтті.

Шараға бейнелеу өнерін құрметтеушілер мен мәдени қоғам қайраткерлері қатысты.

 Үкі Әжиев (23.12.1924 жылы туған, Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарабұлақ ауылы - 21.05.2015, Алматы) - қазақ суретшісі, ҚСРО Суретшілер одағының мүшесі (1957), Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты, тәуелсіз "Тарлан" сыйлығының лауреаты.

12 жасынан Қазақстан суретшілер одағы жанындағы сурет үйірмесіне қатысады. 1936 жылы Ленинград көркемсурет орта мектебінде А.Г.Сукостьяннан білім алды. Ұлы Отан соғысы жылдарында қызыл әскер қатарында болды. 1950 жылы Алматы көркемсурет училищесін бітірді.

Әжиев республика сурет көрмесінің бәріне белсене қатысты. Ол Англия, Гана, Нигерияда болып, қала көрінісінен бірнеше картиналар жазды. Суретшінің "Бұхара", "Самарқан" серияларына енген "Хиуа көшесі", "Шайханада", "Хау 1968 жылы" деген шығармалары ерекше көзге түседі. Мұнда Әжиев Шығыс қалаларының көріністері мен халықтың жарқын тұрмысын шынайы бейнелейді. Туған республика табиғатын танытатын "Асы жайлауы", "Алатау бөктерінде" картиналары шыншылдығымен, нақтылығымен көрінді. Әжиев Портрет жанрында да көп еңбек етті. "М.Әуезовтің портреті", "Студент қыз", "Механизатор" сияқты портреттер суретші талантының жан-жақтылығын танытады.
15.06.2015