Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

15.01.2018

Алмалы ауданының әкімі Жасұлан Естеновтің тұрғындармен есептік кездесуі Ш.Смаханұлы атындағы №62 гимназияда өтті




Ш.Смаханұлы атындағы № 62  гимназияда аудан әкімі Жасұлан Естеновтің №1 аймақ тұрғындарымен есептік кездесуі өтті.


Кездесуге  қалалық басқарма басшылары, аудан құрылымдарының  басшылары, Алматы қаласының мәслихат депутаттары, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, аудан әкімінің орынбасарлары, ЖӨӨБК төрағалары және тұрғындар қатысты.



Жасұлан Тоққожаұлы тұрғындар алдында ауданның 2017 жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы мен ауданды дамытудың 2018 жылға арналған негізгі бағыттары жайында, атап айтқанда, ауданның жасыл инфрақұрылымын дамыту, аула ішіндегі балалардың ойын алаңдарын қайта құру мен жаңа спорт алаңдарының құрылысы, апатты жағдайдағы үйлерді бұзу, арық жүйелері мен тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған алаңдарды қалпына келтіру, көлік жүйесі мен ПИК жұмысының қызметтеріне қатысты сұрақтардың кешенді шешімін іздеу барысы жайында есеп берді.



Тұрғындар аудан басшылығының осы уақытқа дейін атқарған жұмыстарына алғыстарын білдірумен қатар, Алмалы ауданын одан әрі қалай көркейтуге болатыны жайында өз тілектерін жеткізді. 



Аудан әкіміне қойылған барлық сұрақтарға сауатты әрі толық жауап берілді, сонымен қоса, тұрғындар қозғаған мәселелер аудан басшылығының жеке бақылауына алынды.






15.01.2018