Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

15.02.2017

Алмалы ауданының әкімі Жасұлан Естеновтің тұрғындармен есептік кездесуі Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде өтті


Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде аудан әкімі Жасұлан Естеновтің №4 округ тұрғындарымен есептік кездесуі өтті.



Кездесуге  қалалық басқарма басшылары, аудан құрылымдарының  басшылары, №4 округ бойынша қалалық мәслихат депутаты Федор Константинов, «Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Найля Ордабаева, аудан әкімінің орынбасарлары, ЖӨӨБК төрағалары және аудан тұрғындары қатысты.



Жасұлан Тоққожаұлы тұрғындар алдында ауданның 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша есеп бере отырып, Алмалы ауданының былтырғы жылдың қорытындысы бойынша бюджетке 248,8 млрд. теңге көлемінде салық пен басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз еткенін жеткізді. Оның ішінде 165,9 млрд. тг. - республикалық бюджетке, 82,9 млрд. тг. – жергілікті бюджетке түсті. Өндіріс көлемі  қазіргі бағамен 125,76 млрд. теңгені құрады. Аудан бойынша негізгі капиталға 79,87 млрд. теңге инвестиция игерілді, оның ішінде жеке қаражат бойынша - 62,67 млрд. тенге, банк несиелеріне - 8 млрд. теңге, бюджеттік қаражатқа - 6,7 млрд.тенге, басқа да қаражаттарға - 2,5 млрд. тенге. Жеке сауда айналымының көлемі - 468,5  млрд. теңге, көтерме сауда айналымы -1, 989 трлн. теңгені құрады. Бұл көрсеткіштер ауданымыздың шағын және орта бизнесті дамытуға қолайлы аймақ екенін көрсетеді.



Шараның ресми бөлімі аяқталғаннан кейін Алмалы ауданының тұрғындары Жасұлан Тоққожаұлына өздерінің сұрақтары мен ұсыныстарын білдірді. Атап айтқанда, қоғамдық көлік жұмысы, қазылған жол төсемін қалпына келтіру, міндетті медициналық сақтандыруды енгізу, Мұқанов көшесін қалпына келтіру, ескірген газ құбырларын ауыстыру, ПИК-тің тұрмыстық қорына түбегейлі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қаржы жинайтын қор ашу мәселелері және т.б.



Аудан әкіміне қойылған барлық сұрақтарға толық әрі нақты жауап берілді, сонымен қоса, тұрғындар қозғаған мәселелер аудан басшылығының жеке бақылауына алынды.






15.02.2017