Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

15.02.2018

Алмалы ауданында қарт адамдарға арналған компьютерлік курстар басталады


Алмалы ауданында № 4 кітапханасының іргесінде Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен қарттарға арналған компьютерлік курстар жұмысы істей бастады.



Бұл бағдарлама Алмалы ауданы әкімінің аппаратының қолдауымен және аудандық Ардагерлер кеңесі мен «ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері және соғыс балалары кеңесі» қоғамдық қорының қатысуымен аудан ардагерлері мен қарттардың қарым-қатынас шеңберін кеңейтіп, компьютерлік сауаттылықты арттыру мақсатында әзірленді.



Компьютерлік сабақты «ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері және соғыс балалары кеңесі» Қоғамдық қорының еріктілері жүргізеді. Бірінші топ 15 адамнан тұрады, сабақ аптасына екі рет әр бейсенбі және жексенбі күндері өткізіледі.



Аталған компьютерлік курсқа 261-51-20; 272-79-12 телефоны бойынша жазылуға болады.


15.02.2018