Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

15.03.2017

Алмалы ауданы әкімінің аппараты зейнеткерлерге әлеуметтік көмек көрсетті


Алматы қаласы мәслихат депутаты  Нукетаева Динар Жүсіпәліқызы , Алмалы ауданының әкімінің аппараты  және «Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалыныңұйымдастыруымен  көктемнің төл мерекесі 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен тәуелсіздікті нығайту ісіне еселі үлес қосқан зейнеткерлерді құттықтады.  



Бүгінгі қоғамымызда әйел тек отбасының іргелі береке-бірлігін  ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің өмірге және қоғамдық мәселелерге белсене араласатын қоғам қайраткері. Әйел қолында  тіршіліктің шырайы, отбасының шырағы бар. Бұлардың өшпес өнегесі жаңа Қазақстанда жалғасын тауып келеді. Ел мен ерге сын болған кезеңде әйелдер қоғам жүгін қайыспай көтере білді. Зейнетке шыққан аяулы аналармен аудан басшылығы емен – жарқын сөйлесіп, сый сияпат жасады. Өздеріне көрсеткен сый - құрметке аналар ризашылығын жеткізіп, ақ батасын берді. Алмалы ауданы әкімінің аппараты ұйымдастырып отырған іс - шаралары алдағы уақытта жалғаса бермек.






15.03.2017