
15.05.2018
«Майданнан хат» VII Халықаралық конкурсында Алмалы ауданының оқушылары жеңімпаз атанды
«Майданнан хат» VII Халықаралық байқауының қорытындысы бойынша И.В.Панфилов атындағы № 54 Қазақ-Ресей гимназиясының оқушылары жеңімпаз атанып, жазғы демалыста «Сәлем, Ресей!» бағдарламасы бойынша Мәскеу қаласына барады.


Конкурс комиссияның талдауына 159 жұмыс ұсынылған, соның ішінде №54 Қазақ-Ресей гимназия оқушылары Сталинград шайқасына қатысқан жауынгерлер атынан өздерінің шығармаларын жазған болатын.

Әділқазы құрамында Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ұстаздары болды. Жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне әділқазы мүшелері, гимназия басшысы, Ресей Федерациясы консулдығының Алматыдағы консулы Ирина Переверзева қатысты.
