Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

15.07.2019

Жастар жылы аясында жастар денсаулық орталығының ашылуы өтті


Жастар жылының құрметіне Алматыда «Бұл жерде сені күтеді» Жастар денсаулық орталығы ресми түрде ашылды.  Жасөспірімдер, жастар, дәрігерлер, саяси және қоғам қайраткерлері мен серіктестер Алматыда Жастар денсаулық орталығының ашылуына байланысты жиналды – бұл жастар үшін арнайы әзірленген және жасөспірімдік жастан ересек өмірге қауіпсіз өтуге ықпал ететін өмірлік маңызды дағдыларды дамытуға бағытталған ақпарат пен қызметтерді ұсынатын ресурстық хаб.



Іс-шараны ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі және Біріккен Ұлттар Ұйымының халық саласындағы қоры (ЮНФПА). Орталықты құру Денсаулық сақтау министрлігінің сапалы ақпарат пен қызмет көрсету арқылы жастардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі жұмыс бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. ЮНФПА Орталыққа тренингтер мен басқа да қолдау түрлерін ұсынды, оның ішінде басқа елдермен үздік тәжірибелермен алмасуға ықпал етті және Орталықтың құрылып, дамуына мүліктік үлес қосты. 
Жасөспірімдер мен жастарды Орталықта олармен өзара іс-қимыл жасауға арнайы оқытылған сарапшылар қабылдайды. Мұнда жасөспірімдер гинекологы, андролог, психолог, әлеуметтік қызметкер және басқа да мамандар жұмыс істейді.  



«Жастардың құқықтары мен мүмкіндіктері болса, олар өзгерістің тиімді қозғалтқышына айналады. Жастардың жасөспірімдік жаста қаншалықты жақсы бағдарланғаны олардың өз өмірінің бұдан кейінгі барысын ғана емес, олардың ортасы мен жалпы қоғамның дамуын да айқындайды, - деді ЮНФПА-ның Қазақстандағы өкілі және Қырғызстан мен Түрікменстан елдеріндегі директор болып табылатын Джулия Валезе.  - Алайда жастардың денсаулығына инвестиция салмай олардың әлеуетін толық жүзеге асыру мүмкін емес. Жастар денсаулық орталығы жігіттер мен қыздар өздерінің физикалық, эмоциялық, психологиялық дамуына қатысты сұрақтарға жауап алатын, сондай-ақ өзіне деген сенімділікті дамыту, көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру сияқты тағы да басқа  өмірлік маңызды дағдыларға ие болатын орын болады». 
Жақында жүргізілген зерттеу Қазақстанда 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдердің үштен бірі жыныстық тұрғыдан белсенді екенін көрсетті. Бұл ретте сұралғандардың басым көпшілігінің - 91%-ының АИТВ және ЖИТС туралы жеткілікті толық білімі жоқ.  Сонымен қатар, жасөспірімдер жүктілігінің саны ЭЫДҰ-ның басқа елдерімен салыстырғанда жоғары болып қала береді, контрацепция құралдарына қажеттіліктің қанағаттанарлықсыз екендігі де сол мөлшерде болып отыр.
 «Сен жасөспірім болған кезде, көптеген ойда жоқ қауіп-қатерлерге: құрдастары тарапынан жасалатын қысымға, олардың қудалауына, қауіпті мінез-құлыққа, соның ішінде қауіпті жыныстық мінез-құлыққа және басқалай қатерлермен бетпе-бет келе аласың. Дұрыс ақпаратты білу маңызды, құрдастарының қысымына қарсы тұруға және оларға «жоқ» деп айтуға үйренудің маңызы зор. Бірақ ең бастысы – адамда өміріңізді елеулі түрде айқындайтын шешім қабылдау құқығы мен таңдау мүмкіндігінің болуы. Бұл орталыққа бару және оның іс - шараларына қатысу жастарға олардың өміріне қатысты салаларда салауатты шешімдер қабылдауға көмектеседі», - деді Y-PEER қозғалысының қатысушысы Айым Олжабай. Оның айтуынша «Жастарға инвестициялар салу: ешкімді назардан тыс қалдырмаймыз» Астана декларациясында бұл тармақтардың барлығы да бар. 
1994 жылы халықаралық қоғамдастық Каирдегі халықты қоныстандыру және даму жөніндегі халықаралық конференциясы (ХҚХК) кезінде тарихи іс-қимыл Бағдарламасын қабылдады. Бұл бағдарламаны қабылдау әлемдік қоғамдастық халық санының динамикасы, жыныстық және репродуктивтік денсаулық пен құқықтар, сондай-ақ тұрақты даму арасындағы өзара байланысты қараудағы өзгерістің басталғанын көрсетті.
«Биылғы жылы 12-14 қараша аралығында Кения, Дания Үкіметтері және ЮНФПА осы тарихи іс-шараның өтуіне 25 жыл толуына орай Саммит өткізеді. Найробидегі Саммит - бұл Каирде келісілген негізгі мақсаттарды қайта растау және адамдардың құқықтары мен қадір-қасиетін сақтауға жәрдемдесу, соның ішінде контрацепцияның  қазіргі заманғы әдістеріне қол жеткізу құқығы мен әйелдің қашан және қанша баласы бар болатынын таңдау құқығы, Орнықты даму саласындағы мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті шарт болып табылатын жыныстық белгісі бойынша зорлық-зомбылықты жоюды растау. Жастар көшбасшылығын алға ілгерілету әрбір жүктіліктің қалаулы болуына, әрбір босанудың қауіпсіз болуына және барлық жастар өз әлеуетін жүзеге асыруына мүмкіндік беретін әлемге жету прогресін «жеделдетушілердің» бірі ретінде айқындалды», - деді Джулия Валезе. 
 
Біздің жаңалықтарымызды #WPD2019 #МЦЗтебепоможет хэштэгін пайдалана отырып, әлеуметтік желілерден қадағалап отырыңыздар 
Іс-шара туралы қосымша ақпарат алу үшін жұртшылықпен байланыс жөніндегі үйлестіруші Дина Тельтаевамен +7701 765 40 10 телефоны арқылы және teltayeva@unfpa.org  имейл бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз. 
 
Қосымша ақпарат: 
ЮНФПА, Біріккен Ұлттар Ұйымының халықты қоныстандыру саласындағы қоры, бұл БҰҰ-ның әйелдер мен жастардың жыныстық және репродуктивті денсаулығын сақтау және дені сау балалы болу мүмкіндіктерін кеңейтетін жетекші агенттігі. ЮНФПА кедейлікті азайтуға бағытталған саясат пен бағдарламаларды әзірлеу кезінде,  сондай-ақ әрбір жүктілік қалаулы, әрбір босану қауіпсіз және барлық жастар өздерінің әлеуетін іске асыруға мүмкіндіктері болуын қамтамасыз ету мақсатында, елдерге халықты қоныстандыру жөніндегі деректерді пайдалануда көмек көрсетеді.
 
ЮНФПА, ресми веб ресурс: www.unfpa.org
ЮНФПА-ның Шығыс Еуропа мен Орталық Азияға арналған өңірлік бюросы: http://eeca.unfpa.org 
ЮНФПА-ның Қазақстандағы елдік офисі http://countryoffice.unfpa.org/kazakhstan/ 
Facebook-тегі парақша  https://www.facebook.com/UnfpaInKazakhstan/ 




15.07.2019