Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

15.08.2018

Алмалы ауданында «Мектепке жол» акциясы басталды


Тамыз - мектепке дайындықтың уақыты, осы кезеңде Алмалы ауданы әкімінің аппараты жыл сайын балаларға «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізеді. «Мектепке жол» акциясы аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қайырымдылық көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылады. 



Жаңа оқу жылына жақсы көңіл - күй, жаңа қарқын, білімге деген құштарлық, асыға күткен алтын ұя мектебіне сағыныш сезімін ұялатып отырған бұл қайырымдылық акциясы әрбір баланың бойына сенім, жанына жігер ұялататыны сөзсіз. 





Осыған орай, «Мектепке жол» акциясы аясында Алмалы ауданы әкімінің аппараты мен «Қазақстанның Халық банкі» АҚ-ның «Халық» қайырымдылық қоры өкілдері 100 балаға мектепке қажетті құрал жабдықтар мен мектеп сөмкелерін  табыстады.



Балалардың ата-аналары мен қамқоршылары қайырымдылық танытып, балаларға барынша көмек көрсеткен азаматтарға алғыс білдірді. Осы бағытта жұмыс жалғасуда.


15.08.2018