Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

15.09.2016

Алмалы ауданының спорттық алаңдары


Алмалы ауданында жастарды салауатты өмір салтын ұстауға шақыру, олардың бойындағы отансүйгіштік, төзімділік пен табандылық қасиеттерін арттыру мақсатында 2016 жылы 1 спорт алаңы мен 4 балалар алаңы ашылды. Алдағы уақытта тағы да 3 балалар алаңының ашылуы көзделіп отыр.



«Халықаралық спорт күніне» орай «Биокомбинат» саябағында жаңа спорт алаңы мен балалар алаңының ашылуы өткен болатын.  



Балалардың қуанышына айналған бұл алаңда кез келген уақытта футбол, баскетбол, воллейбол ойнауға, «уоркаутпен» айналысуға мүмкіндік бар. Жергілікті аумақтың тұрғындары да, жастар да демалыс орталығының көріктендірілгеніне аса ризашылығын білдірді. Аталмыш спорт алаңы мен балалар алаңы мемлекеттік-жеке кәсіпкерлік бағдарламасы аясында, Алматы қаласының 1000 жылдығына орай, «Эталон» ЖШС-нің қалаға тартуы болды.
Сонымен қатар Желтоқсан к-сі, 27, Қарасай батыр к-сі, 237А, Абылай хан к-сі, 46 мекен-жайларында балалар алаңы ашылды.

 

2016 жылы Алмалы ауданында жастарды спортқа тартып, салауатты өмірді насихаттау мақсатында 38 мың адамның қатысуымен 360 спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды. Ал спорт алаңдарының ашылуы – бұл бағытта атқарылып жатқан үлкен қадам. Алдағы уақытта Сейфулин к-сі, 473, Мақатаев к-сі, 196, Қабанбай батыр к-сі, 174 мекен-жайларында балалар алаңының ашылуы көзделіп отыр.    


15.09.2016