Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

15.11.2016

Алмалы ауданы оқушыларының шахматтан 20-спартакиадасы


И.В. Панфилов атындағы №54 Қазақстан-Ресей мектеп-гимназиясында Алмалы ауданы оқушыларының шахматтан 20-спартакиадасы  ұйымдастырылды. Спартакиадада 12 команда (№№ 24,25,34,36,39,54,55, 58,79,90, 120, 128 мектептер) қатысты. 



Спорттық іс-шараның мақсаты жастар арасында салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, олардың бойындағы отансүйгіштік, төзімділік пен табандылық қасиеттерін арттыру мен шахмат ойынын кеңінен насихаттау.



Турнирдің қорытындысы бойынша жалпыкомандалық ойында 1-ші орынды №55 мектептің командасы, 2-ші орынды №90, 3-ші орынды 120 мектептің командасы иеленді.   



Жеке ойында №54 Қазақстан-Ресей мектеп-гимназиясының 7а сынып оқушысы Озалп Дениза мен 9б сынып оқушысы Бурмистрова Диана иеленді. Жеңімаздар Алмалы ауданының атынан қалалық спартакиадаға қатысады.



Барлық командалар үздік ойынымен ерекшеленіп, турнир ынтымақтастық ахуалда өтіп,



белсенді команда топтары мен мүшелері Алмалы ауданы білім беру бөлімінің  алғыс хаттары мен грамоталарға ие болды. 


15.11.2016