Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

15.11.2019

Сертификаттарды табыстау


«ISKER ANA» жобасы аясында «Бақытты Отбасы» орталығында кондитерлік іс, сондай-ақ киіз басу, былғарыдан аксессуарлар жасау бойынша халық қолөнерін тегін оқыту жүргізілді. Оқыту барысында көп балалы аналар киізден және былғарыдан аксессуарларды жасауды үйреніп, өз жұмыстарын жәрмеңкелер мен көрмелерде сатуға мүмкіндік алды.



Оқыту кәсіби шеберлермен өткізілді. Бүгін осы курстарды аяқтаған аналарға сертификаттар табыс етілді.





Сонымен қатар, Алмалы ауданында «Бизнес Бастау» жобасы бойынша 8 оқыту сыныбы жұмыс істейді.1 және 2 ағым бойынша 206 адам курстарын аяқтады, соның ішінен 108 адам 100 және 200 АЕК көлемінде грантқа ие болды, 20 адам бизнес ашуға шағын несие алды. Қазіргі уақытта 80 көп балалы ана  «Бизнес Бастау» курстарында білім алуда.
15.11.2019