Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

15.12.2016

Алмалы ауданында «Желтоқсан қаһарманы» атты тарихи сағат өтті


№20 кітапхана ұжымы СДБАММИ  мектебінің 6 "А" сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Жұмабаева Әйгерім Қанатқызымен  Қайрат Рысқұлбековтың 50 жылдығына орай "Желтоқсан қаһарманы" атты  тарихи сабағын  өткізді. 



Тарихи сағатымызды еліміздің әнұранынан бастадық. Содан соң іс- шара жүргізушілер еліміздің тарихына қысқа шолу жүргізді.Азаттық қазақ халқының ежелгі арманы еді, ат үстінде өткен кезеңдер көп болды. Азаттық үшін күресте айрықша қылыш сермеді, талай қиыншылықты бастан кешірді. Осындай күресті 1986 жылы 16-18 желтоқсан аралығында Алматы қаласында қазақ халқы басынан тағы да өткізді.



Желтоқсан оқиғасына   Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сабира Мұхаметжанова, Ербол Сыпатаев және тағы басқа да қаһармандар қатысқан еді. Тұрсынов Марат Бақытұлы – журналист,   Қайрат Рысқұлбековтың  өмірбаянын, азаттық жолындағы қиыншылығы жайлы балаларға сүреттеп әңгімелеп берді.



Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков   13 наурыз 1966, Мойынқұм ауданы Бірлік ауылында дүниеге келген еді. 1973 – 81 жылы   Шу ауданы  Төле би  ауылындағы орналасқан Сәду Шәкіров атындағы мектеп-интернатта оқып, 8 жылдық білім алды. 1986 жылы мамырда әскери борышын өтеп ауылға оралды. Тамыз айында әскери бөлімшенің жолдамасымен Алматыдағы   Сәулет - құрылыс институтына  келіп сынақтан сүрінбей өтіп, оқуға түсті. Осы жылы 16 – 18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы  көтерілісіне белсене қатысты. 1987 жылы 16 маусымдағы Үкімімен Рысқұлбеков – ең жоғары жаза – өлім жазасы – атуға бұйырылды. Кейіннен Рысқұлбековтың ату жазасы  20 жылға бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырылды. Бірақ 21 мамыр 1988 жылы ол қайтыс болды.
Желтоқсан көтерілісінің бас құрбаны болған Рысқұлбеков еліміз егемендік алғаннан кейін Қазақстан Жоғарғы Соты Пленумының 1992 жылы 21 ақпандағы шешімімен толықтай ақталды. Оған "Халық қаһарманы" атағы берілді. Тараз қаласында Рысқұлбеков есімімен аталатын демалыс паркі бар. Сондай-ақ онда Рысқұлбековке ескерткіш қойылған.
Марат Бақытұлы кейін балалардың сұрақтарына түгел жауап қайтарды.
Балқыз Мәулен, Бек Нұрмуқаев, Жанерке Абеуканова, Аружан Кулбекова, Бегімай Төлеубай, Қасымжан Айбар 6 "А" сынып оқушылары тәуелсіздік және желтоқсан жайлы тақпақтарды мәнерлеп айтты. Кейіннен Рустем Жансая 11 сыныптың оқушысы және спорт шеберлігінің үміткері  "Әлия" әнін шырқады. Жүргізгендер: Тұрсынова Л., Буланбаева Г., Ниязова Г


15.12.2016