Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

15.12.2017

Алмалы ауданы Білім бөлімінің ұйымдастыруымен №62 гимназияда Тәуелсіздіктің 26 жылдығына орай өткізілген «Тәуелсіздік – тірегім, елім деп соққан жүрегім» атты мерекелік іс-шараның қорытындысы


Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы. Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандаған Тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге биыл тура 26 жыл толып отыр. Осынау айтулы мерекеде арманы асқақ, бірлігі жарасқан Тәуелсіз ел екенімізді ұлықтау мақсатында ел Тәуелсіздігінің 26 жылдығы қарсаңында Алмалы ауданы Білім беру ұйымдарында түрлі іс-шаралар өткізілуде.



Ш.Смаханұлы атындағы №62 гимназияда Алмалы ауданы Білім бөлімінің басшысы Байбулов Берік Амиржановичтің басшылығымен «Тәуелсіздік – тірегім, елім деп соққан жүрегім» атты аудандық мерекелік іс-шара өткізілді. 
Аталмыш мерекеге Алмалы ауданындағы балабақша, мектеп, гимназия, лицей ұжымының ұстаздары мен оқушыларынан, ата-аналарынан құрылған көркемөнерпаздар белсене қатыстыЕ.Хасанғалиевтің «Атамекен» әні әрбір елім деп соққан жүрекке ерекше сезім сыйлайтыны белгілі.
Осы патриоттық әнді №62 гимназия директоры А.Б.Бижанов бастаған ұстаздар ұжымы, Алмалы ауданының мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері әуелете шырқағанда орнынан тұрмаған, қол соқпаған көрермен қалмады. Ағы мен қарасы, жақсы мен жаманы, жасығы мен жасампазы егіз ұғым болған жаңа ғасырда саф алтындай баға жетпес байлығымыз – ұлт құндылығын, ел Тәуелсіздігін берік сақтау баршамызға парыз. 


15.12.2017