Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

16.09.2015

Алмалы ауданында «Алматы - оқырман қала» бағдарламасы аясында «Ашық аспан астындағы кітапхана» атты акциясы өтті


Алматы қаласы Орталықтандырылған Кітапханалар Жүйесінің №4 және № 33 Балалар кітапхана - бөлімшесі Алматы қаласының төл мерекесіне арналған Гагарин даңғылы бойындағы саябақта «Алматы - оқырман қала» бағдарламасы аясында «Ашық аспан астындағы Кітапхана» атты акция ұйымдастырды.

«Кітап - әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі», - деп орыс жазушы Максим Горький айтқандай, Кітап оқырманға рухани күш жігер, тәлім -тәрбие, үлгі - өнеге беретін рухани сарқылмас қазынамыз. Кітап адамзат баласына білім сыйлайды. Кітап біздің алға жылжуымызға, адамгершіліктің биік шыңына көтерілуімізге өлшеусіз ақыл қосады. Көрнекті жазушы Әбіш Кекілбаев: «Адамды адам еткен-Кітап, адамзат еткен -Кітапхана», - деп кітаптың құдіретін,оның мәртебесін одан әрі асқақтатып көрсетуінде де үлкен мәні бары сөзсіз.

Акцияның басты мақсаты - жастардың кітап оқуға деген ынта - ықыласы мен қызығушылығын арттыру, сүйіп оқитын шығармалардың авторларымен жүздесуіне мүмкіндік жасау, дарынды оқушылардың шығармашылығын шыңдау.

Кітап Акциясының бағдарламасында: «Жаңа кітаптар Фейерверкі-2015» атты кітап баспаларының жәрмеңкесі, «Балалар әдебиетінің інжу-маржандары», «Тарихы тұғырлы, келешегі кемел - Алматы» атты кітап көрмелері ұйымдастырылып, көрмелерге қойылған жаңа кітаптар бойынша библиофреш өткізілді. Кітапхана қызметкерлері мен белсенді оқырмандар «Кітап патшалығына шақырамыз» атты библиодесантқа қатысып, қала тұрғындарына акцияның бағдарламасын, қала кітапханалары туралы жолсілтемелер, буклеттер, ақпараттық қағазшалар таратты. Акцияға арнайы ақын-жазушылар: Арасанбай Естенов, С. Үсенұлы, Б.Қошым-Ноғай, Құл - Керім Елемес, қарт ұстаз Жұбайбек Жұмаханұлы, «Өнер», «Баянжүрек», «Көшпенділер» баспа үйінен баспагерлер шақырылды.

«Жастар - кітап оқуды таңдайды!» атты танымдық шоу-бағдарлама аясында кітапхана оқырмандары мен қала тұрғындары әр түрлі әдеби, тарихи-танымдық викториналарға, ойындарға қатысып, кітапхана қорына түскен жаңа кітаптар туралы қызықты ақпараттармен танысып, мәдени шараға арнайы шақырылған қаламгерлермен бүгінгі қазақ әдебиеті, кітап құндылығы туралы ой бөлісті.

Мектеп оқушылары арасында «Шахмат пен шашка ойындарынан байқау ұйымдастырылып, оған №140 М.Мақатаев атындағы мектеп-гимназияның оқушылары белсене қатысып, жеңімпаздар көптеген сыйлықтармен марапатталды.

«Ару Алматы - оқырмандар шығармашылығында» атты сурет байқауына қатысқан №94 мектептің оқушылары өздері салған суреттер арқылы ару қаламыз Алматының ғажайып табиғатын, керемет келбеті мен жарқын болашағын үлкен шығармашылық шеберлікпен көрсете білді.

«Ән-жырым саған - ару Алматым» атты поэзиялық ревюге қатысқан №124, №140 М.Мақатаев атындағы гимназиялардың оқушылары әсем қала Алматы туралы қазақ ақындарының өлеңдерін нақышына келтіре мәнерлеп оқып берді, ал «Алматы, сен бізді ақын еттің» атты поэтикалық ревюге қатысқан Алматы Полиграфия колледжінің дарынды студенттері Алматыға арнап өздері шығарған өлең -жырларын оқып, әндер шырқады.

Кітап акциясының барлық танымдық байқауларына №140 М.Мақатаев атындағы Сәния Өскенбайқызы Тілеубай басқаратын гимназияның ұстаздары мен оқушылары ерекше шығармашылық белсенділікпен қатысты.

«Сен еліңнің тарихын білесің бе?», «Алматы қаласының тарихы» атты блиц-турнирге қатысқан №140, №124, №55 мектеп оқушылары колледж студенттерімен бірдей барлық сұрақтарға дұрыс жауап беріп, «Баянжүрек», «Өнер» баспаларынан шыққан әсем безендірілген құнды кітаптарды сыйлыққа алды. Акцияға қатысқан оқырмандар қаламгерлер мен баспагерлерден қолтаңба алып, кітап туралы пікір алмасты. Қаламгерлер еліміздің болашағы білімді жастардың қолында екенін айтып, жастарды кітап оқуға, білімді болуға шақырды.

Алмалы ауданының тұрғындары мен кітапхана оқырмандарына «Сыйлыққа кітап ал!» атты кітап лабиринтіне қойылған 2000-нан астам кітаптар тегін таратылды. Бұл игілікті шараның бүгінгі жас ұрпаққа беретін тәрбиелік маңызы зор болды. «Кітапханаға жазыл!» акциясы аясында кітапханаға 141 оқырман жазылып, оқырман билеттерін алды.

Оқырмандар «Кітапхана оқырман көзімен» атты сауалнама сұрақтарына жауап беріп, бүгінгі кітапханалардың қызметі туралы пікірлерін білдірді.

Кітап мерекесі қалың оқырманға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, тамаша кітаптармен қауышуға, қаламгерлермен сұхбаттасуға мүмкіндік берді. Кітап патшалығы әрқашанда өз оқырмандарын асыға күтеді.

16.09.2015