Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

16.01.2019

Қалалық жасөспірімдер кітапханасының жаңа өмірі Жамбыл


«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Алмалы ауданында Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасы жаңғыртылып, жаңғыртылды. Елбасы өз мақаласында ««Туған жер» жобасы бизнесмендерге, шенеуніктер мен зиялы қауым өкілдеріне өздерінің кіші отандарын қолдауға мүмкіндік береді» деп атап өткен еді. Осы принцип бойынша «Қазақстан - 2050» ҚР Президентінің стратегиясын қолдау» қоғамдық қорының президенті Қасымов Ерболат  Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасын жаңғырту жұмыстарына қаржы бөліп,кітапхана кеңістігін  реконструкциялау жұмыстары 2017 жылы тамызда басталып, 2018 жылғы сәуірде аяқталды. 





Қазіргі кезде кітапхананың кітап қоры 307 000 кітапты құрайды. Олардың 180 000қазақ тілінде.Жылсайын кітапхана қорына шамамен  20000жаңа кітап қосылады. Кітаптар мемлекеттік бағдарлама бойынша түседі және мемлекеттік бюджетпен бөлінген қаржыға сатып алынады. 



2017 жылы жаңа оқырмандардың саны 12 210құрады.  Кітапхана модернизациядан өткеннен кейін жаңа оқырмандар саны20120 оқырманға жетті. Оқырмандардың саны7910 адамға көбейді. 2017 жылы келушілердің саны 200 127құраса,Модернизациялаудан кейін 280 720оқырманды құрап, оқырмандар саны 80 000-ға өсті. Қазіргі таңда кітапхана күніне 250-ден 1200 оқырманға дейін қабылдайды. Жаңадан жазылушылардың саны күніне 50 оқырманнан 150 оқырманға дейін. Айына 23 000- 25 000 оқырманға дейін өсті.



Соңғы төрт айдың ішінде жаңадан жазылған оқырмандар саны 10 000-нан асты.
Реконструкцияға дейін кітапхана 100 оқырман орнына есептелген болатын, реконструкциядан кейін бұл цифр 250 оқырман орнына дейін өсті. Қазіргі кезде кітапхана күнделікті түрлі жас деңгейіндегі 400 оқырманды қабылдай алады. 


      

Оған қоса, сәулеттік жобаға сәйкес, реконструкциямен тыныш зонадан шулы зонаға ауысу көзделген, зал wi-fiжелісіне еркін қосылу мүмкіндігі бар компьютерлермен жабдықталған. Модернизация академиялық кітапхананы коворкинг-орталықпен қосуға жол ашты, оның басты идеясы түрлі өзара әрекеттің формалары арқылы жастардың тілдесуіне жағдай жасау. 
Реконструкцияға дейін кітапхана күнделікті сағат 09.00-ден кешкі 19.00-ге дейін жұмыс істеген. Алайда, реконструкциядан кейін жұмыс тәртібі өзгерді. Қазіргі кезде кітапхана күнделікті, үзіліссіз әрі демалыссыз, сағат 09.00-ден   кешкі 22.00-ге дейін жұмыс істейді. 
Кітапхана тұрақты негізде жастарды әлеуметтендіруге, жастарды мемлекет институтына және азаматтық қоғам институтына тартуға бағытталған іс-шараларды өткізіп тұрады. Бұл бағыттағы ең танымал іс-шаралардың арасында келесі жобалар: 
•«Жастар кітапты таңдайды»
•«100 үздік қазақстандық кітап»
•«Жастар кітабының аптасы»
•«Ынтымақ» шығармашылық орталығы»
•«Кітапхана+кино», 
•Жастар арасында суицидты алдын алу бойынша Мәскеулік психоанализ институтымен бірлесе «Кітапхана- «Логотерапия» 
•«Алтай мен Атырау арасы» - бұл жоба бойынша республиканың жас ақындары Алматыға келіп, өз кітаптарын таныстырады. 





Аталған жобалар кітапхананың тұрақты серіктестерімен, топ журналистер мен ақындармен  бірге жүзеге асады: Бейсен Құранбек,  Нұртөре  Жүсіп, Бахыт Беделхан, Ұлықбек Есдәулет–Жазушылар одағының хатшысы, қоғам қайраткері Әкім Ысқақпен және өзге қоғам қайраткерлерімен бірге. 
Бүгінде кітапханада тегін негізде келесі курстар жұмыс істейді: 
•«Тележүргізуші Бейсен Құранбек жүргізетін Жастарды кәсіби бағыттауға арналған «Мамандық кілті»; 
•Қазақ тіліндегі шетелдік әдебиетті насихаттауға бағытталған «Шетел әдебиеті»; 
•«Отандық туризм»;
•«Жастардың қаржылық сауаттылығы»; 
•Englishclub, бастауыш топтарына арналған латын тілі, қазақ тілі курстары. 
Модернизациядан кейін жаңа интеллектуалды клубтар ашылды: 
•«Жас ғалым»
•Жастар арасынан оқырмандарды тартуға бағытталған  «Тасқын», сондай-ақ зияткер тұлғалармен, танымал музыка орындаушылармен, театр қызметкерлерімен,  fashion индустрия, қалам мен қылқалам шеберлерімен кездесулер ұйымдастырылады. 
•Қыркүйек, қараша, қазан желтоқсан айларында кітапханада 50-ден аса іс-шара өтті.
•Жастар жылына орай «Мақсат.Әрекет.Жетістік» мотивациялық клубы, «Алтын ұрпақ» дебат клубы, «Кітап талқы» жобасы іске асырылмақ.



Кітапхана өз қорын заманауи әдебиет пен электронды ресурстармен жасақтау бойынша кезеңді жұмыстарды өткізуді жоспарлап отыр, сөйтіп  жаңа оқырмандардың санын жылына  40 000 адамға дейін жеткізуді көздейді.
Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасы 1976 жылы ақпарат,жастардың  рухани тілдесу және демалыс орталығы ретінде құрылған және республикалық маңызы бар кітапхана мәртебесіне ие болған.



Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 1996 жылы, қазақ халқының ұлы айтыскер-ақыны Жамбыл Жабаевтың 150 жылдығына орай, кітапханаға Жамбылдың аты берілді, ал 2008 жылы мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Алматы қ. коммуналдық меншігіне берілді. 
2016 жылы Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасы Алматы қ. Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің құрамына кірді, қазіргі кезде жүйенің құрамына 25 филиал кітапхана кіреді. Олардың ішіндегі ең ірілері: Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасы мен С.Бегалин атындағы орталық қалалық балалар кітапханасы.



Бүгінде кітапхана бастапқыда ашылған ғимаратта жұмыс істеп жатыр,мекен-жайы Н.Назарбаев даңғылы бойында. Ғимараттың  көлемі 1292,7 ш.м.құрайды. 




16.01.2019