Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

16.02.2017

Алмалы ауданының әкімі Жасұлан Естеновтің тұрғындармен есептік кездесуі М.Тынышбаев атындағы көлік және коммуникациялар академиясында өтті


М.Тынышбаев атындағы көлік және коммуникациялар академиясында аудан әкімі Жасұлан Естеновтің №5 округ тұрғындарымен есептік кездесуі өтті. Кездесуге  қалалық басқарма басшылары, аудан құрылымдарының  басшылары, «Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Найля Ордабаева, аудан әкімінің орынбасарлары, ЖӨӨБК төрағалары және аудан тұрғындары қатысты.



Жасұлан Тоққожаұлы жиналған тұрғындар алдында ауданның 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша есеп бере отырып, Алмалы ауданын көркейтуге жауап беретін блок қызметінің маңыздылығын атап өтті. 2016 жылы аудынымыздың санитарлық тазалық жұмыстарымен мердігер ұйымдар айналысты. Бекітілген кесте бойынша күнделікті 186,8км. көше, 212,2 км. жаяу жүргіншілер жолы мен 173,3 км. арық жүйесінің тазалық жұмыстарын жүргізілген.



Санитарлық тазалықты сақтау барысында 52 сенбілік өткізілді. Контейнерлік алаңдар мен басқа да тұрмыстық қалдықтар жинайтын орындардағы қоқысты тазалаумен  «Тәртіп» АҚ айналысады. Аудан бойынша 274 контейнерлік алаң бар, оның 198 жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Тұрмыстық қалдықтарды жинайтын 73 контейнер жөндеуден өтті.
Мердігер ұйымдардың күшімен апатты жағдайдағы 350 тал құлатылып, орнына 350 ағаш отырғызылды. Сондай-ақ, 2741 санитарлық қырқу, 2440 калыпқа келтіру жұмыстары жүргізілді. Қаланы гүлдендіру мақсатында өткен жалпы қалалық байқауда «Әлия мен Мәншүк» атындағы саябақ үздік атанды. Жаз мезгілінде  жалпы аумағы 4 718м² жерге гүл отырғызылды, сонымен қоса, Фурманов көшесі бойымен Райымбек даңғылынан Қабанбай батыр көшесіне дейінгі аралықта көгал төселді. 1,9 км. көше бойында, 18,1 км.жаяу жүргіншілер жолында, 6,7км. арық жүйесінде жол жөндеу жұмыстары жүргізілді. 25 аялдама кешенінің жөндеу жұмыстары аяқталды. Бюджет қаржысы есебінен 8 саябақ, 4 спорт және 3 балалар алаңында жөндеу жұмыстары, сондай-ақ Төле би көшесінің Розыбакиев көшесімен қиылысы бойындағы жасыл алаңға гүлдендіру жұмыстары жүргізілді.



Аудандағы саябақтар мен магистралды көшелер бойына бірыңғай үлгідегі 293 орындықтар мен 372 қоқыс салатын жәшік орнатылды. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында «Сиреневый» және «С.Мұқанов» саябақтарында жөндеу жүргізілді, 5 жерден «Альпийская горка» гулзары отырғызылып, 7 балалар және 2 спорт алаңы ашылды. Сәулеттік жарықтандыру ұғымын түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 2016 жылдың қорытындысы бойынша ауданымыздың 5 ғимараты (Абай атындағы академиялық опера және балет театры, ҚБТУ, Жазушылар одағы, «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы, Алмалы ауданы әкімінің аппараты)түнгі келбетке ие болды. Осылайша, Алмалы ауданын көркейту мақсатында көптеген жұмыстар атқарылды.



Аудан әкімінің тұрғындар алдында есеп беруі аяқталғаннан кейін, ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары  Ғалымжан Дугалов сөз сөйледі. Дугалов Ғалымжан өз баяндамасында Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі басымдықтары бойынша түсіндіріп өтті.



Шараның ресми бөлімі аяқталғаннан кейін №5 округ тұрғындарын мазалаған сұрақтар бойынша талқылау жүрді. Атап айтқанда, әлеуметтік сала мәселелері, аулалық клубтар жұмысы үшін орын-жай бөлу, жаяу жүргіншілер жолағы, көлік инфрақұрылымы мен көлік қоятын орындар қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, Алмалы ауданын одан әрі дамыту.
Аудан әкіміне қойылған барлық сұрақтарға толық әрі нақты жауап берілді, сонымен қоса, тұрғындар қозғаған мәселелер аудан басшылығының жеке бақылауына алынды.




16.02.2017