Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

16.02.2018

95 жас мерейтой


Алмалы ауданы әкімінің аппараты, аудандық Ардагерлер кеңесі, №5 Қалалық емханасы және №16 орта мектеп ұжымымен бірлесіп Ұлы Отан соғысының ардагері Тазиева Сания Аглямовнаны 95 жылдық мерейтойымен құттықтады. 



Тазиева Сания Аглямовна 1923 жылы 15 ақпан күні Татар Автономиялық Социалистік Республикасында Кутлушкин ауылында дүниеге келген. Сания Аглямовна – медициналық училищесін бітіріп, Ұлы Отан Соғысы майданында 1941 жылдың тамызынан 1945 жылдың мамырына дейін 110 медсанбаттың құрамында мейірбике болған.  Сания Аглямовна – еңбектегі жетістіктері үшін Ұлы Отан соғысының     I және II дәрежелі ордендерімен, «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін» және 4 мерейтойлық медальдарымен, құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен марапатталып, ел ілтипатына бөленген. Соғыстан кейін Алматы қаласында №4 Қалалық емханада мейірбеке қызметін зейнетке шыққанға дейін атқарған. 
Тазиева  Сания Аглямовна - халқына адал қызмет атқарған және бүгінгі жастарға үлгі - өнеге боларлық тұлға. 


16.02.2018