Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

16.03.2018

«БЖЗҚ» АҚ «Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер (2018 жыл)» тақырыбындағы Ашық есік күніне шақырады


«БЖЗҚ» АҚ барша қауымды 2018 жылдың 27 наурызында сағат 10:00-нан 17:00-ге дейін келесі мекенжайларда өтетін Ашық есік күніне шақырады:
№1 бөлімше Алматы қ., Әуезов ауданы, Аксай-1 ы/а, Төле би көшесі, 15 «Б»
№6 бөлімше Алматы қ., Медеу ауданы, Толебаева, 38/61 көшесі, литера «В» (Қонаев көшесі, Мақатаев көшесінің қиылысы)
№7 бөлімше Алматы қ., Алмалы ауданы, Шевченко көшесі, 153/1, (Әуезов көшесінің қиылысы).




Шараға қатысушылардың барлығы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төлемақы жасау туралы толыққанды және өзекті ақпарат ала алады. 
Болашақ зейнеткерлерге келесі сауалдар бойынша кеңес беріледі:  
-зейнетақы жүйесін жаңғырту себептері;
-зейнетақы жүйесіне 01.01.2018 жылдан бастап енгізілген өзгерістер;  
-кесте бойынша зейнетақы төлемдерін жүргізу тәртібіне енгізілген өзгерістер;   
-01.01.2018 жылдан бастап бекітілген кесте бойынша жүргізілетін зейнетақы төлемдерін есептеу;  
-базалық зейнетақыға қатысты өзгерістер.
«БЖЗҚ» АҚ қызметкерлері осы және басқа да сауалдарға қатысты жан-жақты және толыққанды ақпарат береді.  Қатысушылар зейнетақы жинақтарының сақталуына орайөздерін толғандырған сауалдарға жауап алумен бірге мамандардан да  жеке кеңес ала алады.  


enpf.kz




16.03.2018