Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

16.03.2018

Алмалы ауданында жастарды қолдауға бағытталған жобасы жүзеге асырылуда


Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде «Жасөспірімдер мен жастардың әлеуетін инклюзивті шығармашылық арқылы қолдау» атты жобаның тұсауы кесілді.
«Азамат әлеуеті» Жеке Қайырымдылық Қоры Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент Қорының қолдауымен жүзеге асырылған шараның мақсаты – білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдердің өздерінің қатарластарымен бірігіп, инклюзивті орта құруы барысында ұлттық шығармашылықты дәріптеп, оны насихаттауға ынталандыру.



Жоба аясында мүгедек жастар жасаған қолданбалы және қолөнер бұйымдары көпшілік назарына ұсынылып, инклюзивті музыкалық және би шығармашылығы бойынша концерт ұйымдастырылды.



Жиынды Қыздар Университетінің ректоры Гаухар Алдамбергенова кіріспе сөзбен ашып, қайырым мол іске ұйытқы болып жүрген азаматтарға алғысын білдірді.
– Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев балаларға ерекше көңіл бөліп, олардың болашағына әрқашан қамқорлық танытып келеді. Өйткені, жеткіншектерге қамқорлық жасаудың негізінде олардың бойындағы ерекше қабілетін ашу маңызды. Бұл – ертеңгі күннің табысы. Келешекке салынған инвестиция. Қазіргі күндегі мектептегі білім мазмұнын жақсартудың алғы шарттарының бірі – жасөспірімдер мен жастардың зияткерлік әлеуетін шығармашылық арқылы қолдау көрсету, ерекше қабілеті балаларды таба білу, тәрбиелеу, олардың бойындағы ерекше қасиеттерін танып, дамытуға мүмкіндік туғызу. Сондықтан мұғалімдердің алдында жаңа міндет – балалардың жеке қабілетін, дарынын, бейімділігін анықтау және оны дамыту, соның негізінде олардың келешегіне бағыт беру, өз заманының озық өнегесін санасына сіңіру. Бәсекеге қабілетті жас ұрпақ дайындау. Осы орайда Сіздердің бастамаларыңыздың маңызы айрықша екенін атап өткім келеді. Соңғы бес жылдан бері оқу орнының Педагогика және психология факультетінің «Дефектология» мамандығының студенттері Қайырымдылық Қоры жүзеге асырып отырған жобаларына белсенді түрді қатысып, инклюзивті ортаны қалыптастыруға сүбелі үлес қосып келеді, – деді Гаухар Алдамбергенова.



Қор президенті Алмагүл Сейсенованың айтуынша, осы тақілеттес шаралар жарымжан жасөспірімдердің өмір сапасын көтеріп, табысты болуына әсер етіп, шығармашылық әлеуетін көтеруге ықпал етеді. Наурыз мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған этнографиялық концерт-көрме алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.



Айта кетейік, «Азамат әлеуеті» Жеке Қайырымдылық Қоры жастайынан мүгедек жастар мен олардың отбасы мүшелеріне, өмірде қиын жағдайға тап болған азаматтарға әлеуметтік, ақпараттық және құқықтық тұрғыдан қолдау, медициналық оңалту, педагогикалық және психологиялық түзету, еңбекке тарту, түрлі мамандықтарға оқыту сияқты қызмет атқарады.


16.03.2018