Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

16.04.2018

Алмалы ауданында Наурыз мерекесі аталып өтті


Алмалы ауданы әкімі аппаратының қолдауымен №5571 әскери бөлімшесінде, Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінде және №15 мектеп-гимназиясында Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесіне арналған мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.



Аталмыш іс-шараларда Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Айнұр Бекжанқызы қатысып, той-думанға жиналған барлық қауымға құттықтау сөзін жеткізіп, жылы лебіздерін білдірді.



Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы табиғаттың саябыр құбылысқа бөленіп, тіршілік жаңаратын шуақты мезгілі. Ежелгі заманнан халқымыздың түп-тамырына біткен бұл мейрам, бүгінгі таңда да салтымыздың, ұлттық құндылықтарымыздың тарихи ерекшелігін сақтап, заманауи қарқынға ұласуда. Көпұлтты Қазақстан халқы үшін теңдесі жоқ жыл бойы күтетін сүйікті мерекеге айналды.   
 


Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының №5571 әскери бөлімшесінде борышын өтеп жүрген сарбаздар және олардың мейман болып келген отбасылары ұлттық ойындар мен спорттық жарыстарға белсенді қатысып, түрлі сыйлықтарды иеленді. Ал әскери ұландардың балалары асфальтқа сурет салып, өнерлерін білдірді. Ал «Генерал» тобының орындауында барша жиналған қауымға сүйікті әндер орындалды.



Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Айнұр Бекжанқызы Алмалы ауданы әкімі аппаратының атынан құттықтау сөзін жеткізіп, №5571 әскери бөлімшесінің ұжымына Наурыз мерекесінің құрметіне теледидар тарту етті. Мереке аясында барлық меймандарға жорық ас үйінде әзірленген тәтті палау мен түрлі тәтті тағамдар дайындалды.   



Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті Наурыз мерекесін ұлттық нақыштағы мерекелік концерт пен «Тұсау кесу», «Бесікке салу», «Беташар», «Шашу» және тағы да басқа көптеген салт-дәстүрлерді көрсетумен ерекшеленді.





Ал  барша халықтың назарына шет елдік студенттердің орындауындағы «Қара жорға» биі есте қаларлық дкман сыйлады.



Сонымен қатар университет аумағында қазақ үйлер тігіліп, алты бақан, тоғыз құмалақ, асық ату, арқан тарту, қазақша күрес, кір көтеру ойындары ұйымдастырылды. 


 
№15 мектеп-гимназиясы аумағында Алмалы ауданы әкімі аппаратының және Аудандық білім бөлімінің және барлық аудан мектептерінің қатысуымен «Наурыз» мерекесі аталып өтті.





Айнұр Бекжанқызы мереке аясында аудан әкімі аппаратының атынан № 8, №39, №54, №67, №95 және т.б. мектеп директорларына құрмет грамотасын тарту етіп, жастарға ұлттық құндылықтарды дәріптеу мен патриоттық тәрбие беруге бағытталған қажырлы еңбектері үшін алғыс білдірді.  



Шара барысында аудан мектептерінің шығармашылық ұйымдары өз өнерлерін көрсетіп, Наурыз мерекесіне тән салт-дәстүрлерді көрсете білді. Той-думан жиналған қауымның ұлттық тағамдарға толы үлкен дастарханмен жалғасты. 


16.04.2018