Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

16.06.2016

Алмалы ауданында Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс – шара өтті


Алмалы ауданы әкімі аппаратының  ұйымдастыруымен Медицина қызметкерлері күніне орай «Persona Grata» мейрамханасында Аудан әкімінің және ауданның медициналық мекемелері бас дәрігерлерінің қатысуымен салтанатты іс – шара өтті. Алмалы ауданының әкімі Жасұлан Естенов бас дәрігерлерді төл мерекелерімен құттықтап, өз сөзінде: «Әр адам өз өмір жолында ақ халатты абзал жандармен кездесіп, олардың ыстық ықыласы мен алақандарын сезінеді.
  


Бұның бәрін медицина қызметкерлері ғана бере алады. Олардың көмегімен тоқтаған жүрек қайта соғып, үмітімізді жалғап, сыздаған балтырымызды тоқтатады. Мұндай маңызды істер медицина қызметкерлерінің көмегімен реттеледі. Осы ақ халатты абзал жандарды төл мерекелерімен шын жүректен құттықтап, ел үшін қажырлы атқарып жатқан жұмыстарына табыс, мол денсаулық, ұзақ өмір, бақыт тілеймін!» - деп жылы лебіз сөздерін білдірді.



Іс-шара барысында оларға салтанатты дастархан жайылып, концерттік бағдарлама ұсынылды. Одан бөлек, дастархан басында бас дәрігерлер аудан әкімімен жақын танысып, ауданның одан әрі дамуы туралы ой-пікірлерімен алмасты.
Сонымен қатар, медицина қызметкерлері күніне орай Алмалы ауданында орналасқан медициналық мекемелердің  42 қызметкері  Алмалы ауданы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. 


Қазіргі таңда, Алматы қаласының жоғары мамандандырылған медициналық қызметтердің ең ірі көлемі Алмалы ауданында көрсетіледі. Ауданда 18 қалалық, 9 Республикалық медицина мекемелері және 2 Медициналық Жоғары оқу орындары орналасқан.


16.06.2016