Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

15.06.2016

Алмалы ауданы әкімі аппаратында аудан әкімі Жасұлан Естеновтың төрағалық етуімен аудан кәсіпкерлерімен кеңес отырысы өтті


Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының акт залында аудан әкімі Жасұлан Естеновтың төрағалығымен  «Қаладағы тұрғын үйлердің бірінші қабатында заңсыз орналасқан  қызмет көрсету нысандарын жою жұмыстары бойынша Алматы қаласы әкімінің тапсырмасын орындау барысы туралы» ауданның кәсіпкерлерімен кеңес отырысы болып өтті.



Жиынға Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Оңалбаев Ж.С., аудан әкімінің орынбасары Бейсеуов Е.Б. аудан прокурорының орынбасары Н.Турусбеков, Алмалы ауданы бойынша тұтынушылар құқығын қорғау басқармасы жетекшісі Ф.Тоқмолдинов ауданның сәуелшісі  А.М Жанбыршы., ТЖ бөлімі жетекшісі С.Д Кустутунов., Алматы қаласы ҚСҚК Басқармасы» КММ өкілі М.У.Канаев және Алмалы ауданы тамақтану қоғамы кәсіпорын жетекшісі қатысты.  
Кеңес отырысын ашқан аудан әкімі Жасұлан Естенов жиналғандарға аудан аумағындағы бірінші қабатта орналасқан қызмет  көрсету нысандарының қызметін тескеру бойынша ауданда  жұмыс тобы құрлығанын айтып, олармен   қызмет көрсету нысандардың  өрт қауіпсіздігі ережелері, санитарлық нормалар  және заңсыз қоғамдық жерлерді басып алу сияқты заңсыз әркеттерді анықтау және жою бойынша Алматы қаласы әкімінің тапсырмасын орындау жұмыстары барысын баяндап берді.



Құрылған жұмыс тобымен тексеру барысында ауданда тұрғындарға қауіп әкелетін бірінші қабатта  заңсыз қосымща құрылыс  салған  81 кәсіпкерлерлік нысан  анықталды, оның ішінде 35 Мемсанэпидбақылау басқармасынан заңды рұхсат қағаздары жоқ, 41 нысан мемлекеттік жерді басып алған.
Аудан әкімінің орынбасары Ж.С. Оңалбаев тексеру барысында заң бұзушылық түрлерін атап берді. Атап айтқанда  анықталған 35 нысан мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық бақылау органдарының келісімісіз қызмет жасаған келесі   кафелер «Нұрай», «Ханкар», асхана «Компот», кафе «Сити», 41 нысан  мемлекеттік жерді басып алған:  олар «Маэстро»-331 ш.м., кафе «Болливуд» -203 ш.м., кафе «Тайфун»- 77 ш.м., мейрамхана  «Мюнхен»-252 ш.м., кафе «Шалкар»-51 ш.м., 35 нысан – заңсыз қосымша құрылыс салған: «Маэстро» Кафесі, мейрамхана «Лайн Брю», «Светлана» кафесі, «Жемчужное» кафесі. 81 нысан өрт қауіпсіздігін сақтамаған бойынша қауіп төндіріп тұр. «Өрт қауіпсіздігі туралы» заңнамалардың өзгеруіне байланысты бұл нысандарға Алмалы ауданы ТЖ басқармасымен тексеру жүргізілмеген.
Сондай ақ  заңдастырылған нысандарға орын алған заңбұзушылықтар мен кемшіліктерді жоюға Алмалы ауданы прокуратурасынан  келісім алуға бір апта уақыт берілді.



Ауданның Төтенше жағдайлар басқармасының жетешісі Кустутунов С.Д. айтуынша  Алмалы ауданында 2015 жылы  7, ал 2016 – 2 өрт тіркелген. (Юбилейный дүкені және «Арагоста» кафесі) бұл екі жағдайда қоғам арасында үлкен резонанс тудырды. Кеңес отырысы барысында ТЖ басқарма басшысы тыңдаушыларға ауданда ТЖ органдарының атынан өрт қауіпсіздігін сатып алуға ақшаны қорқытып  алу жағдайлары орын алғанын хабардар етті.
Артынан аудан әкімімен ауданда орын алған өрт туралы түсініктеме беріліп, орын алған заңбұзушылықтар мен ереже бұзушылықтар айтылды. Отырыс соңына Жасұлан Тоққожаұлы аудан кәсіпкерлеріне   барлық заңбұзушылықтар мен кемістіктерді жедел арада жойылуына тапсырма беріп, жұмыс тобына аталған бағытта жұмыс жүргізуін тапсырды.


15.06.2016