Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

16.08.2017

Алмалы ауданында «Мектепке жол» атты қайырымдылық акциясы жалғасын табуда


Ұйымдастырылған іс-шара - елбасының жас жеткіншектердің мектепке толық баруын қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау мақсатында  тұрмысы төмен және көпбалалы отбасының балалары мен жетім балаларды мектепке қажетті киім-кешек, кеңсе тауарлары және т.б. құрал-жабдықтармен қамтып, мектепке бара алмай қалуының алдын-алуы  болып табылады.  

 

Жаңа оқу жылына жақсы көңіл - күй, жаңа қарқын, білімге деген құштарлық, асыға күткен алтын ұя мектебіне сағыныш сезімін ұялатып отырған бұл қайырымдылық акциясы әрбір баланың бойына сенім, жанына жігер ұялататыны сөзсіз. Оқушыларды жаңа оқу жылына дайындау барысында  Алматы қалалық мәслихат депутаттары -  Р. Алшанов, С. Аманкелді және «Абди», «На 100 ящий мед» т.б. компаниялары өкілдері өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, оқушыларға қажетті мектеп құрал жабдықтарын  табыстады. 



Бүгінгі күні «Мектепке жол» акциясы барысында Алмалы ауданы бойынша 200 жуық балаға мектепке қажетті киім-кешек, құрал жабдықтармен қамтамасыз етілді. «Жанашырлыққа — жан риза» дегендей кемтар, жетім, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, жүрек жылуын ұсынып, сауабы мол іске ат салысу әрбір адамның азаматтық парызы. Ендеше, көп болып, асыл арманына қол созғандарға сүйеніш болып, қолымыздан келген көмегімізді аямайық. Бала сенімінің нық болуына қадам жасайық.


16.08.2017