Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

16.11.2018

Алмалы ауданының білім саласы және мемлекеттік қызметкерлері латын графикасын қолдану негізінде жалпыхалықтық диктант жазу іс-шарасына қатысты


«Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылы  26 қазанда жарлығы жарияланды. Осыған орай, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт Министрлігінің қолдауымен елімізде жалпыхалықтық  диктант алу туралы  ұсынысы негізінде жалпы Республика  аумағында мектеп оқушылары, оқытушылар арасында алғаш латын графикасын пайдалану  арқылы қазақ тілінде диктант алынды.







Сондай-ақ  Республикалық іс-шараны қолдау барысында Алмалы ауданының жастары  ЖОО және АОО-ның студенттері, оқытушылар және мемлекеттік қызметшілер де қатысып қолдау көрсетті.





Аталмыш іс-шараның басты  мақсаты: Жаңа қолданысқа ене бастаған қазақ тіліндегі латын әліпбиінің дамуына қолдау көрсету және жаңа әріптерге үйрену барысын қолдау.
Мемлекеттік тілдегі Латын графикасының аударылуы арқылы - білім және ғылым дамуының  әлемдік кеңістіктерге  еркін шығуына, жалпы әлем елдерімен қарым –қатынастың дамуын жақындата түсуге сондай-ақ әлем елдерімен рухани бірлікті нығайтуға  көптеген септігін тигізері сөзсіз.





Сонымен қатар елімізде латын графикасының  дамуына қолдау көрсету ретінде  оқушылар мен оқытушылар қазірден бастап, көптеген іс-шараларды қолға алуда.
Бүгінде жалпы әлем елдері латын графикасын пайдаланып, жұмыс жасауда. Осыған орай, латын әліпбиін  қолдану  баршамыздың болашағымызға  орасан зор  пайдасын тигізеді деген үміттеміз.


16.11.2018