Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

17.03.2017

А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық колледжінде Алматы қаласы маслихатындағы «Нұр Отан» партия фракциясы мүшелерімен кездесу өтті


Алматы қаласы маслихатындағы «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі С.Б. Аманкелді, Е.М. Еркінбаев пен «Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.А. Ордабаева А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық колледжінің қызметкерлерімен Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауын, ҚР Конституциясындағы өзгерістерді талқылау бойынша кездесу өткізді. 



Кездесу барысында, дәрі-дәрмектердің қолжетімді бағамен сатылуы, азық-түлік бағасын тұрақтандыру, мектеп жиғаздары сапасының деңгейі, оқу орнындарындағы асханалар асының сапасы бойынша сұрақтар қойылды.
Жануарлар саябағына тегін кіруге өтініш айтқан жастарға, маслихат депутаты, Алматы жануарлар саябағының директоры Е.М.Еркінбаев мырза студенттерге тұрақты түрде экскурсия жасап тұруға ұсыныс білдірді. Сонымен қатар «Нұрлы өнер» БПҰ-ның жаңа партия мүшелеріне салтанатты түрде партия билеттері табысталды. 



Жиын соңында колледж директоры А.Ж.Қалиева «Нұр Отан» партиясы мүшелеріне барша ұжымның атынан алғыс айтты.


17.03.2017