Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

17.05.2018

«Ұлттық тағамдарды жаңғырту» қалалық байқауы


Рухани жаңғыру» бағдарлама аясында «Khama park» мейрамханасында Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімдігінің аппараты және Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінің ұйымдастыруымен дәстүрлі, ұмыт қалған, заманауи қазақ ұлттық асханасының тағамдарын дайындау қалалық байқауы өтті. 





Конкурстың мақсаты қазақтың ұлттық асханасына, мәдениетіне, салт-дәстүріне қызығушылықты ояту, қазақтың ұлттық салт-дәстүрімен салауатты өмір салтын ұштасып жатқан ұмыт қалған тағам түрлерін  насихаттау, дәріптеу, таныту, ұлттық асхананың алуандылығын жаңғырту арқылы туристтерді тарту жәнемейрамхана бизнесі мен қоғамдық тамақтану аясында ұлттық тағамдарын насихаттау.



Байқауға қатысқан колледждер:Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжі,Алматы қаржы-құқықтық және технологиялық колледжі, Сервис және жаңа технологиялар колледжі Орал қаласы, Алматы сервистік қызмет көрсету колледжі, Алматы мемлекеттік бизнес колледжі, Алматы облысының сервис және тамақтану сферасындағы инновациялық-технологиялық колледжі.
Байқаудың сарапшылары:әділ-қазылар төрағасы – жоғарғы санатты аспаз «Khama park» мейрамхана кешенінің директоры - Серікхан  СаметұлыӘділханов, «Khama park» мейрамханасының өкілі - Омарова Жанар Әділханқызы, ресторан бизнесінің аудиторлері, аспаздар - Шакасимов РишатАрсенұлымен Мина Ходжақызы және Ішкі саясат бөлімінің бас маманы Нұрмағанбетова Әсел Болатбекқызы.



Байқаудың шарты: 6 адамға арналған тағам дайындау:
•Салқын, ыстық басытқылар дайындау(Әсіп, Жанышпа, Ми шұжық, Құйрық бауыр, Қазақстан ассорти)
•Ыстық тамақ дайындау(Наурыз көже, Кол кеспе, Бешбармак, Қозы қарын, Қуырдақ, Сірне және т.б.)
•Десерт дайындау (Жент, Балқаймақ,Уыз,  құймақ  және т.б.)



Байқау қортындысы бойынша:Гран При-Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжі, 1 орын- Алматы қаржы-құқықтық және технологиялық колледжі, 2 орын- Алматы мемлекеттік бизнес колледжі, 3 орын-«Сервис және жаңа технологиялар колледжі» Орал қаласы жеңіп алды.
Барлық орын иегерлеріне бағалы сыйлықтар табысталып, Алмалы ауданының  әкімі Ж.Т. Естеновтен және «Khama park» мейрамханакешенінің директоры С.С. Әділхановтан мадақтау грамоталары тапсырылды.








17.05.2018