Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

17.06.2016

«Травиатаның» тұсауы кесілді Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында Дж. Вердидің «Травиата» операсының жаңа қойылымының тұсауы кесілді


«Травиата» операсының жаңа қойылымы сөз жоқ, ең қарапайым көрерменнің өзін бей-жай қалдырмасы анық. Әйгілі арияны Вердидің ғажайып музыкасы шеңберінде, қанық түсті, көздің жауын алатын костюмдер мен сапалы безендірулерге  театрдың жетекші солисті Жәмила Баспақова Нұржан Бажекеновпен дуэт болып орындауы сән қоса түсті. Виолеттаның Альфредпен дуэті де жүректерге жетті. Альфредтің әкесінің рөлін сомдаған Александр Сметаниннің Нұржан Бажекеновпен қосыла шырқаған дуэті де көрермендер көңілінен шықты.
 


Оқиғаның трагедиямен аяқталуына және жағдайдағы шарасыдыққа қарамастан басты кейіпкерлердің торығуы – бәрі-бәрі негізгі сарында – аса мәртебелі махаббаттың Әнұраны еді! Жүректі өртеп, жаныңды күйдірген сол бір керемет сезім – Махаббатты армандамауға бола ма?! Жаныңды беруге дайын махаббат болса ше?! Тұсаукесер қарсаңында Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театр басшылығы театр директоры Асқар Бөрібаев, қоюшы режиссер Ләйлім Иманғазина, қоюшы суретші Вячеслав Окунев, бас дирижер Нұрлан Жарасов, сондай-ақ, театр солистерінің қатысуымен баспасөз конференциясын өткізген болатын. 
Қазіргі таңда театр басшылығы әлемдік классиканың бүкіл репертуарын жаңғыртуды алға мақсат етіп қойды, осы орайда жетекші қойылымдар, костюмдер, тіпті, шығарманың қалай оқылуы керектігінің сценарийі қайта қаралып жатыр. Әлемдік театр үрдістеріне сәйкес болудың бұл қажеттілігі – уақыт талабы.  



«Травиатаның» жаңа қойылымы барысында көптеген адамдар тер төккен. Асқар Бөрібаев ештеңеге қарамастан жаңа қойылымдарға бюджеттен қаржы қарастыратын Мәдениет және спорт министрлігіне шексіз алғысын білдірді. Кез келген қойылым – бұл үлкен шығармашылық ұжымның – гримшілердің, аяқ киім, костюм өндіретін цехтердің, режиссерлер, музыканттар мен т.б. ерен еңбегінің жемісі. Мәселен, аталған тұсаукесер үшін  ғана 50 жаңа костюм тігіліпті. 


17.06.2016