Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

17.07.2018

Алмалы ауданында қарттар үшін фитнес сабақтары өткізіледі


«Белсенді ұзақ өмір сүру» бағдарламасы шеңберінде қарт адамдарға арналған тегін фитнес сабақтары басталды. Бұл зейнеткерлердің белсенді және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында, Алмалы ауданы әкімінің аппараты мен «Golden Eagle» кроссфит орталығының бірлескен жобасы. Фитнес жаттығулары дене бітімін жақсартып, бұлшық еттерді күшейтуге көмектеседі. 



Алмалы ауданының зейнеткерлеріне  «Golden Eagle» кроссфит орталығының жоғары кәсіби деңгейдегі мұғалімдері фитнесты үйретеді. Кроссфит-жоғары қарқынды, үнемі өзгеріп тұратын жаттығулар қатарына негізделген фитнестің бір бағыты. Бұл жаттығулар арқылы адам жұмысқа шыдамды болады және жан-жақты физикалық дайындықты анықтайды. 
Қарттарға арналған тегін фитнес сабақтары сейсенбі және бейсенбі күндері сағ. 11.00-де А.Н. Сызғанов атындағы аурухана аумағында орналасқан (Желтоқсан көшесі, 62, Мақатаев қыйылысында) «Golden Eagle» кроссфит залында өтеді. Алдын ала жазылу мен қосымша акпаратты мына телефон номерлері арқылы біле аласыздар: 261-51-20; 272-79-12.


17.07.2018