Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

17.08.2018

Алмалы ауданында «Денесі саудың – рухы сау» атты спартакиада болып өтті


«Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалының қолдауымен №8 қалалық емханада спорттық сайыстардан «Денесі саудың – рухы сау» атты спартакиада болып өтті.



Іс-шара барысында медициналық ұйымның өкілдері футбол, волейбол, баскетбол, жеңіл атлетика және үстел теннисі секілді спорт түрлерінен сынға түсіп, өз өнерлерін көрсетті. Нәтижесінде шағын футболдан 1-орынды – қалалық кардиологиялық орталық, 2-орынды – қалалық адам ұрпағын өрбіту орталығы, ал 3-орынды – қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы иемденді. Волейбол турнирінде жедел жәрдем ауруханасының өкілдері жеңімпаз атанды. Екінші орын қалалық кардиологиялық орталыққа бұйырса, үздік үштікті қалалық адам ұрпағын өрбіту орталығы түйіндеді. Баскетболдан қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы жеңімпаз атанды.



Ал қалған жүлделі орындарды тиісінше қалалық адам ұрпағын өрбіту орталығы мен қалалық кардиологиялық орталық иеленді.



Басқа сайыс түрлерінен де тартысты ойындар өтіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. «Нұр Отан» партиясының өкілдері спартакиада жеңімпаздарын және қатысушыларын кубоктармен және естелік сыйлықтармен марапаттады.


17.08.2018