Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

18.09.2016

«АЛМАfest-2016»


Алматының 1000 жылдық мерейлі мерекесі аясында ҚР Тұңғыш Президенті саябағында «АЛМАfest-2016» алма фестивалі өтті. Қала әкімі Бауыржан Байбек алматылықтарды мерейлі мерекемен құттықтады.



Әкім қаланың брендіне айналған алма фестивалімен Қала күнін атап өту жақсы дәстүрге айналғандығын жеткізді. Бұл фестиваль Алматының бұрынғы даңқын жаңғыртып, алмалы өлке екендігін дәлелдей түседі. Алма фестивалі қалада 2010 жылдан бері мегаполистің символі ретінде өткізілуде әрі шара барысында түрлі мәдени шаралар да ұйымдастырылуда.
«Биылғы жыл – бәріміз үшін ерекше жыл. Біз Тәуелсіздіктің 25 жылдығын атап өтеміз. Осынау тарихи қысқа уақыт ішінде Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы басшылығы арқасында Қазақстан орасан қиындықтарды жеңе отырып, теңдессіз жетістіктерге жетті. Әлемдегі беделді әрі қуатты мемлекетке айналды, бейбітшілік пен бірлік, ынтымақ пен келісім салтанат құрды. Қазақстанның ең ірі қаласы Алматының жетістігі еліміздің өсіп-өркендеуімен тығыз байланысты», - деп атап өтті Б.Байбек.
Қала басшысы алматылықтардың ерен еңбегі арқасында мегаполис Тәуелсіздік жылдары ішінде еліміздің ғылым мен білім, мәдениет пен қаржы орталығына айналғанын, бүгінгі күні қала Қазақстан экономикасының бестен бір бөлігін, ал кіші және орта бизнес шығарылатын барлық өнімнің тең жартысын беретіндігін жеткізді.



Алматылықтардың зор еңбегін саралай келіп, қала әкімі Бауыржан Байбек «Қаланың құрметті тұрғыны» мәртебелі атағын белгілі ғалым және археолог Карл Байпақовқа, медицина ғылымдарының докторы, ғылымға еңбек сіңірген қайраткер Камал Ормантаевқа, қоғам қайраткері Самат Жиенбавқа, жазушы Мырзатай Жолдасбековке, Социалистік Еңбек Ері Вера Сидороваға берді.
«Қаланы бұрынғыдан да жайлы ету үшін біз өткен жылы қоғамның кең талқылауымен Алматының 2020 жылға дейінгі даму Бағдарламасын қабылдадық. Бүгінгі күні бұл шара біртіндеп жүзеге асуда, көшелер мен аулалар, қоғамдық көлік, энергетика, коммуналды инфрақұрылым, әлеуметтік нысандар жаңартылуда. Біз «қала машинаға емес, адамдарға» деген бастамамен дамыған мегаполистердің оң тәжірибелерін пайдаланудамыз. Мұндағы басты міндет - қоғамдық көлікті, велосипед қозғалысын дамыту. Жасалып жатқан игі істердің барлығы қала тұрғындарының жақсы тұрмысына бағытталған. Мегаполисті одан әрі дамыту, әлемнің ең үздік қалаларының біріне айналдыру бойынша жоспарларымыз жеткілікті. Мен өздеріңізбен бірге осынау мақсаттарды ойдағыдай жүзеге асыратындығымызға сенімдімін», - деді Б.Байбек.
Мегаполис басшысы алма жәрмеңкесінде болды, мұнда150 тонна рекордтық көрсеткіш болатын алма жеткізілген. Тақырыптық интерактивті алаңдарды аралады.
 «АЛМА-БАЗАР» негізгі аймақта Алматы облысының 30 шаруа қожалықтарынан әкелінген 26 сортты 150 тонна алма сатылуда.



Жалпы , мереке күні қаланың әр бұрышында түрі шаралар өтуде, ал кешке қарай «Apple Fire» шоу отшашуы болады. Салют сағат 21.00-де бірден қаланың үш нүктесі - «Көктөбеден», «Астана» алаңынан және «Алматы Арена» Мұз сарайынан атылады.
Ақпараттық анықтама: Биыл алма жәрмеңкесіне рекордты 150 тонна алма жеткізілді. Алматылықтар мен қала қонақтары 1 кг. алманы базардағыдан төмен баға - 250 теңгеден сатып алды.


18.09.2016