Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

17.09.2016

Алмалы ауданы Алматы қаласының 1000-жылдық мерейтойын өткізді


Алмалы ауданы әкімі аппаратының ; және "Нұр Отан" партиясы Алмалы аудандық филиалы ұйымдастыруымен «Қала күні» мерекесі ұйымдастырылды. Мереке үш бөлімнен жүзеге асырылды: Концерттік бағдарлама Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық ұлттық аспаптар оркестірінің орындауымен ашылып, патриоттық негізде, ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткерлерінің, эстрада жұлдыздарының, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттарының қатысуымен жалғасты. Сондай-ақ тарихи театралдық қойылымдар, интеллектуалды сайыстар жүргізілді. 



Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, ұлттық спорт ойындарын кеңінен насихаттау мақсатында: арқан тартыс, қол күрес, асық ату, кір көтеру және т.б. ұлттық ойын түрлерінен жарыс өтті. Сонымен қатар, «кроссфит» бағытында эстафета, скандинавиялық жүрістен мастер-класс ұйымдастырылды.



Қорытындылау бөлімі «Zumba» би ұжымының бастауымен «Мыңнан жүйрік, мақсаты биік, арман қалам - Алматым» ұранымен флэшмоб акциясын құрды. 



Одан басқа аталған мерекелік шара аясында «Мега Парк» ОСО-ның алаңында «Суретшілер» одағының көрмесі, Халықаралық «Artbat Fest» фестивалі аясында инсталяциялар көрмесі, «қол өнер» және кітаптар жәрменкесі өтті. Мерекенің әрбір қонағына Алматының тәтті аппорты тегін таратылды.



Аталмыш іс-шара егеменді еліміздің тарихында ерекше орын алған алып шаһар Алматыны қадірлеу, мақтан тұту, 1000 жылдық тарихына үңіліп, болашаққа бастар жолда Тәуелсіздіктің алтын бесігі -  Алматыны көркейту мақсатында ұйымдастырылды.


17.09.2016