Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

17.10.2016

Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына 70 жыл!


Алмалы ауданы  әкімінің аппараты  Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрын 70 -жылдық мерекесімен құттықтады.



1945 жылдың 7 қарашасында алматылық балалар алғаш рет өздерінің театрларының табалдырығынан аттады. Таңертең театрдың іргетасын қалаушы Наталья Сацтың Е. Шварцтың «Қызыл телпек» қойылымы қойылса, кешкісін Исидор Штоктың пьесасы  бойынша белгілі драматург және режиссер Виктор Розовтың «Лейден қоршауы» қойылымы көрсетілді.



Жас көрермендер театры бүгінгі таңда да негізгі көрермені – балалар болып табылатын өнердің нағыз сарайы болуын тоқтатқан емес. Театр директоры Сәбит Әбдіхалықовтың сөзінше: «Балалар – ең күрделі көрермен, оларды алдай алмайсың, олар аңғал әрі шынайы, кез келген ақауды бірден сезіп қояды. Сондықтан актерлердің ойынға деген талаптары қатал". 



Мерейтой құрметіне қойылған сүйікті ТЮЗ-дің сахнасындағы әйгілі қойылым шығармашылық ұжымның айнымас көрермендеріне тартқан баға жетпес сыйы болды, қойылымда сахна майталмандарымен қатар, жас әртістер де өнер көрсетті.



Сахнажа сахна өнерінің бір жанрын басқасы ауыстырып, классика заманауилықпен бірлесіп: опера, рэп, балет, пантомима, сықақ, комедия, монолог сынды жанрлар ұштасып жатты.
  


Лидия Кәденова, Балтабай Сейтмамытұлы, Қадырбек Демесінов – жас көрермендердің бірнеше буынының сүйіктісіне айналған, таныстыруды қажет етпейтін есімдер! Театр 70 жылдан бері өз кейіпкерлерінің атынан ұлттық жетістік пен нағыз құндылықтар туралы айтудан жалыққан емес! 


17.10.2016