Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

17.11.2016

Алматы машина жасау зауыты 75 жылдығын тойлады


75 жылдық мерейтойын тойлау аясында АМЖЗ «Ramada Almaty»  қонақүйінің конференц-залында аты аңызға айналған зауыттың тарихына, сондай-ақ, оның қазіргі шағы мен болашақ дамуына арналған конференция ұйымдастырды.



Конференцияға   Алматы қ. Кәсіпкерлік пен индустриялық-инновациялық даму басқармасының жетекшісі Алмас Мәдиев, Алмалы ауданының әкімі Жасұлан Тоққожаұлы Естенов, ҚР Ұлттық академиясының президенті  Мұрат Жұрынов, «МЕТАЛЛУРГМАШ Инженеринг» ресейлік компаниясы АҚ өкілдері, АМЖЗ ардагерлері мен басшылығы, сондай-ақ, бизнес-әріптестер мен жеткізушілер қатысты.



Осы атаулы мерекемен зауыттың ұжымын Алмалы ауданының әкімі Жасұлан Естенов құттықтады: «АМЖЗ – бұл аңызға айналған тарихы, сәтті бүгіні мен үмітке толы ертеңі бар зауыт. Кәсіби басшылықтың жұмысы мен ұжымның тынбай еткен еңбегінің нәтижесі АМЖЗ өнімдерін отандық және шетелдік тұтынушылардың жоғары бағалауы болып табылады, зауыт Қазақстанның машина жасаудағы озық кәсіпорны болып табылады және бірегей технология мен мамандарға ие.
  


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясының іске асырылуында өнеркәсіп пен индустриялық-инновациялық даму саласының  маңыздылығын атап өтті, ал, 75 жылдық тарихы бар зауыт алдыңғы орындардың бірін алып отыр». «Зауыттың қызметкерлеріне табыс, денсаулық пен қажымас қайрат тілеймін. Кәсіпорынның кеңістігі кең болып, алға қойған жоспарлар мен жобалар іске аса берсін!» – деп аяқтады өз сөзін Жасұлан Тоққожаұлы.


17.11.2016