Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

17.11.2016

«Желтоқсанда- мұзда жанған алауым, Желбіретті Тәуелсіздік жалауын!»


№39 балалар кітапханасының оқу залында «Желтоқсанда- мұзда жанған алауым, Желбіретті Тәуелсіздік жалауын!» атты 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының 30 жылдығына арналған кездесу кеші өтті.



Кешке 1986 жылы Желтоқсан оқиғасына қатысқан ардагерлер, «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық ұйымының мүшелері Бейсембиева Қалдыгүл, Мейхарина Шолпан, Ақжолов Мұрат, Мұхаманова Алмагүл, Толымбек Жортулы, Кенжалиева Гүлжамал, Елеусізов Махсұт  қонаққа келді. Бұл шара Республикалық Абай атындағы қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын №2 мектеп- интернаты оқушыларының қатысуымен өтті.



Залда «Желтоқсан желі желбіреткен тәуелсіздік туы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалды. Сонымен бірге «Желтоқсан құрбандары» атты слайд,  «Желтоқсан тағылымы», «Желтоқсан шері» атты видео таспалар көрсетілді. 
Мақсаты:  Оқушыларға 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының болу себептерін және тәуелсіздіктің қадір - қасиетін түсінуге тәрбиелеу.  Отан - Ананы құрметтеп, тәуелсіздікті бағалай білуге, ұлтжанды, елжанды болуға, елінің тәуелсіздігі жолында күрескен ерлердің қаһармандығы мен күрескерлік ерліктерін әрдайым есте ұстауға, үлгі ете білуге үйрету. Елін, жерін, тілін құрметтейтін, өз отанын сүйетін азамат қалыптастыру, от жүректі өжет мінезді ұл-қыздардың ерлік істеріне мәңгі құрмет көрсетуге баулу. Патриоттық сезім қалыптастыру.           Желтоқсан оқиғасы өзінің қайсарлығымен, алға қойған мақсат-мұратымен, тіпті жіберілген кемшіліктерімен де әрбір адамның есінде мәңгі сақталады



1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақтың басын біріктіріп, бір жұдырыққа жұмылдырған бақытты да, қайғылы күн еді. Желтоқсан жаңғырығы көзден де көңілден де кетер емес.
Бүкіл бір ұлттың сүйегіне таңба түсіріп, әділетсіз шешім қабылданып, халықтың
ар-намысы таразыға салынған сын сағатта дүлей күшке қаймықпай қарсы шыққан жастардың ерен еңбегі ұрпақтан-ұрпаққа үлгі.
Осыдан 30 жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңына жастар жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан.
Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақ ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанова, С.Мұхаметжанова, Е.Сыпатаев сынды аға-апаларымыз мерт болды. Сол сұрапыл оқиғаның куәгерлері біздің бүгінгі кешімізге қонаққа келіп отырған аға-апаларымызбен таныстыруға рұхсат етіңіздер,- деп кітапхана меңгерушісі Ж.Жақсыбаева кеш қонақтарымен таныстыра отырып желтоқсан құрбандарын 1 минут үнсіздікпен еске алуды ұсынды.                                                                                                                                 Кеш қонақтары да өз кезегінде  желтоқсан оқиғасы  туралы, болу себебі туралы естеліктерімен бөлісіп оқушыларға тәуелсіз еліміздің болашағы сендерсіңдер дей отырып жақсы оқуға, елін сүюге, елінің патриоты болуға, ана тілін, тарихын құрметтеуге шақырды. 
Шара барысында Желтоқсан туралы, Отан туралы, Тәуелсіздік туралы өлеңдер оқылып, «Желтоқсан желі», «Қара бауыр қасқалдақ», «Атамекен», «Көк тудың желбірегені» әндері шырқалып, кештің шымылдығын Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимнін қосыла шырқап жабылды. 


17.11.2016