Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

18.03.2016

Алмалы ауданында ұлттық спорт түрлерінен спорттық жарыс өтті


«Тәні саудың, жаны сау» демекші, дені сау ұлт қалыптастыруда спорттың маңызы ерекше. Бүгінде еліміздегі жастарды саламатты өмір салтын ұстануға шақыру, олардың бойындағы отансүйгіштік, төзімділік пен табандылық қасиеттерін арттыру басты назарда. Осы орайда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаhандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауы аясында еліміздің Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына байланысты, Алматы қаламыздың 1000-жылдығы мен Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесіне орай Алмалы ауданында Кәркен Ахметов атындағы Олимпиада резервінің Республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде «Ұлы Дала Елі» атты мерекелік ұлттық спорт түрлерінен спорттық жарыс өтті.

Ұлттық спорт ойындарының дене қимылына ғана емес, сонымен бірге психологиялық әсері де зор. Ойындардың тәрбиелік жағынан алатын орны зор маңызды: біріншіден, адамның нерв жүйелерін шыңдайды; екіншіден, денесін түзеп, тән саулығына әкеледі, әрі дәлдікке, икемділікке баулиды; үшіншіден, зиянды әдеттерден (темекі шегу, арақ ішу, анаша тарту, есірткі сату немесе дәмін тату) сақтап, адамдардың жан саулығын қамтамасыз етеді.

Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты. Және де тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан - ойға жетелейтін, адамға қиялмен қанат бітіретін осындай ғажап нәрсе, ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы.

Н.Ә.Назарбаев: «Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті болады. Сондықтан спорттың бұқаралық сипатын дамыту - мемлекетіміздің стратегиялық басым бағыттарының бірі» деген болатын. Бұл тұрғыда дене шынықтыру мен спорт саласын дамыту, спорттық шараларды ұйымдастыру, оны бір жүйеге келтіруді көздейтін заңымыз бар екені белгілі. Себебі, Елбасымыз айтқандай, спорт ‒ елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын сала. Сондықтан Тәуелсіздіктің 25 жылдық құрметіне осындай денсаулыққа пайдасы зор шараларды өткізудің зор.

Алмалы ауданы әкімінің аппараты, «Нұр Отан» партиясының Алмалы ауданы бойынша филиалы, Алматы қаласы Спорт және дене шынықтыру басқармасы жанындағы Халықтық – ұлттық спорт түрлері және бұқаралық-сауықтыру денешынықтыру клубы, Алматы қалалық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мұрындық болуымен ұйымдастырылған спорттық жарыстың жеңімпаздары естелік сыйлықтармен, мақтау қағаздарымен марапатталды.


18.03.2016